Жаңалықтар

Бала 18 жасқа толған кезде Ұлттық қордан жинақталған қаражатты қандай мақсатта жұмсайды?

Бала 18 жасқа толған кезде Ұлттық қордан жинақталған қаражатты қандай мақсатта жұмсайды?
Фото: ©El.kz/Нүркен АЛИШЕВ 12.10.2023 10:53 1626

«Ұлттық қор – балаларға» атты жоба бойынша бала 18 жасқа толғаннан кейін шоттағы қаражат 10 жыл бойы сақталатындай құқық берілмек, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Бұл туралы отырыста сенатор Бекбол Орынбасаров мәлім етті. Сенатордың айтуынша, ресми деректер бойынша елімізде 18 жасқа дейінгі балалардың жалпы саны шамамен 6,7 миллион адамды құрап отыр.

Ұсынылған заңға сәйкес Ұлттық қордың инвестициялық табысының 50%-ын 18 жасқа дейінгі барлық жастағы балалар арасында тең бөлу көзделген. Ұлттық қор қаражатын білім алуға және тұрғын үй жағдайын жақсартуға бағытталған нақты екі мақсатта пайдалану ұсынылады. Білім алу бағыты бойынша – қаражатты жоғары оқу орындарының ақысын төлеуге немесе мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесіне аударуға мүмкіндік беріледі. Шетелдік оқу орнында оқу ақысын төлеуге қаражатты пайдалану шектелмейді, – дейді сенатор.

Сондай-ақ бұл қаражатты бастапқы жарна, ипотекалық қарыздар бойынша төлем ретінде аударуына мүмкіндік беріледі. 18 жасқа толған кезде жинақталған қаражат баланың айрықша меншігі болады, өзі ашқан уәкілетті операторлардағы шоттарға жіберіледі. Онымен қоса алушылар ретінде заңды өкілдер мен мұрагерлер де бола алады.

Бала 18 жасқа толғаннан кейін шоттағы қаражат 10 жыл бойы сақталатын құқық беріледі. Шоттағы қаражат 10 жыл ішінде талап етілмеген жағдайда, сол адамның зейнетақы шотына аудару мүмкіндігі бар, – дейді депутат Бекбол Орынбасаров.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға