Жаңалықтар

Бакудегі Qazaqstan павильонында 25 қазақстандық студент жұмыс істейді

Бакудегі Qazaqstan павильонында 25 қазақстандық студент жұмыс істейді
Фото: Экология және табиғи ресурстар министрлігі 16.11.2024 20:46 411

Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев Бакуде оқитын қазақстандық студенттермен кездесті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Экология және табиғи ресурстар министрлігінің мәліметінше, министр кездесу барысында студенттерге Бакуде БҰҰ Климаттық саммитінде СОР29 айтылған Қазақстанның бастамалары, Париж келісімі бойынша өзіне алған міндеттемелерді орындау жөніндегі Қазақстан жоспарлары және қабылданған көміртекті бейтараптық стратегиясы туралы айтып берді.

Qazaqstan ұлттық павильоны жұмысының алғашқы күндерінен бастап Қазақстандық студенттер еріктілер ретінде көмектесті: қонақтарды қарсы алды, аудармашы ретінде, қазақстандық экоөнімдердің дәмін татуды ұйымдастырды, СОР29 алаңында және павильонның конференц аймағында барлық іс-шараларға белсенді қатысты.

Кездесу соңында Ерлан Нысанбаев студенттерге елеулі көмек көрсеткені үшін алғыс айтып, бағалы сыйлықтар мен Экология және табиғи ресурстар министрлігінің атынан грамоталар табыс етті, - делінген ведомство мәліметінде.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға