Жаңалықтар

Бакуде жарақат алған қазақстандық бойжеткенге әзербайжандар тегін көмек көрсеткен

Бакуде жарақат алған қазақстандық бойжеткенге әзербайжандар тегін көмек көрсеткен
Фото: facebook.com/Александр Цой 11.03.2025 17:02 1205

Алматы қаласының тұрғыны, заңгер Айниғара ақпан айының соңында Әзербайжанға демалысқа барған. Дегенмен Бакуге келген бойда ол жарақат алып, медициналық көмекке жүгінуге мәжбүр болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бакуге келген күні-ақ сүрініп кетіп, оңбай құладым, тіпті жүре алмай қалдым. Бакудегі құрбым бірден жарақат алу пунктіне апарды. Ол жақтағылар мені кезексіз әрі тегін қабылдады. Себебі Ақтаудағы ұшақ апаты кезінде біздің дәрігерлер мен қарапайым азаматтар әзербайжандықтарға көмекке келген.

Сондықтан алғыс ретінде олар маған медициналық көмек көрсетті. Тіпті тамақтандырып, қаланы көрсетті. Айналаңда осыншама жылулық барда ауырсынуды да ұмытып кетеді екенсің, - деді ол.

Бойжеткен Бакуде төрт күн болып, қаланың сұлулығы мен адамдардың мейірімділігіне тәнті болып оралған.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға