Жаңалықтар

Бакуде Ұлттық анестезиология және қарқынды терапия конгресі өтті

Бакуде Ұлттық анестезиология және қарқынды терапия конгресі өтті
Фото: gov.kz 11.12.2023 20:30 656

Бакуде өткен 1-ші Ұлттық анестезиология және қарқынды терапия конгресінің қатысушылары анестезиология стандарттары мен пациенттерге күтім көрсету сапасын жақсарту мәселелерін талқылады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Сондай-ақ жиналғандар медицинаның осы саласындағы соңғы зерттеулердің білімімен, тәжірибесімен және нәтижелерімен алмасты.

Медицина ғылымдарының докторы, профессор, «Қазақ анестезиологтар және реаниматологтар қоғамы» Басқармасының Төрағасы Ағзам Шаймарданұлы Жұмаділовтің баяндамасы суперморбидті семіздікке шалдыққан жүкті әйелдерге акушерлік анестезия жүргізудің ерекшеліктеріне, нейроаксиалды анестезияның қолданылатын әртүрлі әдістеріне, нейроаксиалды анестезия кезінде УДЗ бейнелеуге, тыныс алу жолдарының қиын проблемаларына және олардың өтімділігін қамтамасыз етуге, оңтайлы жағдай мен жалпы анестезия, операциядан кейінгі ерте күтім жүргізу кезінде трахеяны интубациялау техникасына арналды.

Конгресс шеңберінде тыныс алу терапиясы, анестезиологияның қауіпсіздігі мен сапасын арттыру, акушерлік және неонаталдық анестезия және қарқынды терапия, акушерлік және жарақаттағы жаппай қан кетулерді басқару, сепсисті, жіті және созылмалы ауырсынуды емдеудегі инновациялық тәсілдер, заманауи анестезиологиялық практикадағы интеллектуалды жүйелер бойынша секциялар, спутниктік симпозиумдар мен шеберлік сыныптары өткізілді.

Ковидтан кейінгі дәуірдегі анестезиологияның жаһандық басымдықтары, қоғам мүшелері арасындағы байланысты нығайту және кәсіби желілерді кеңейту, анестезиологтардың жаһандық және ғаламшарлық денсаулық сақтаудағы маңызды рөлін нығайту, анестезиологтардың денсаулық сақтау саласындағы көшбасшылығын ілгерілету талқыланды.

Форумның жұмысына әлемнің түкпір-түкпірінен 400-ден астам тәжірибелі анестезиолог-дәрігерлер мен қарқынды терапия қатысты. Конгресті Әзірбайжан Анестезиология және реаниматология қоғамы ұйымдастырды.

Шақырылған спикерлердің көпшілігін 16 елден: Еуропа, Израиль, Түркия, Әзірбайжан, Канада, Қазақстанның шетелдік оқытушылары, соның ішінде Дүниежүзілік анестезиологтар қоғамдарының Федерациясының Президенті, Жаңа Зеландиядан келген Wayne Morriss профессоры, Еуропалық анестезиологтар және қарқынды терапия қоғамының президенті, Франкфурт университеттік клиникасының профессоры Kai Zacharowski, Гёте университеті құрады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға