Бактиер Зайнутдиновке операция жасалды

«Бешикташ» Түркия чемпионатында «Истанбул Башакшехирге» (1:0) қарсы матчта жарақат алған қазақстандық жартылай қорғаушы Бактиер Зайнутдиновтің денсаулық жағдайы туралы мәлімдеме жасады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Біздің футболшы Бактиер Зайнутдинов матчтың 37-минутында беті мен мұрнына тиген соққы салдарынан ойынды жалғастыра алмады, оның мұрын сүйегі мен көз ұясының негізі сынған. Зайнутдиновтің мұрнына операция жасалып, шиналар қойылды, - делінген клубтың ресми мәлімдемесінде.
Енді Бактиер Зайнутдиновтің алаңға қашан оралатыны белгісіз. Ол Қазақстан құрамасына Сан-Марино мен Словения командаларына қарсы 2024 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу турнирінің шешуші матчтарында көмектесе алмауы мүмкін.
