Жаңалықтар

БАҚ -тағы білім және ғылым тақырыбының өзектілігі

Еліміздегі салалық басылымдардың ерекшелігі
БАҚ -тағы білім және ғылым тақырыбының өзектілігі
16.09.2017 16:02 2992

Еліміздегі бұқаралық ақпарат құралдарында білім мен ғылым әрдайым көтеріліп отыратын тақырыптардың бірі. Елімізде білім арттыру мақсатында бір салаға бағытталған басылымдар жеткілікті.  

«Мәдени мұра» ғылыми-танымдық журналы барын айтсақ да жетіп артылады.  Осы басылымдағы 2013 жылдың №1 санында шыққан «Мүлгiген сананы оятар Сақ қорғаны немесе шаһардың мыңжылдық тарихы хақында» атты мақаланың танымдық құрылымы ерекше назарды аударады. «Ұлжандағы қорған – Алматының анасы», «Ерте темiр дәуiрiнiң мұрасы», «Мұнда да тонаушылықтың iзi бар»,  «Мұралар. Сканвордтың арғы атасы» атты бөлімдерге бөле отырып мақалада мынандай мәселе көтереді: «Алматы қаласы төңiрегiнен табылған тарихи жәдiгерлер ненi айғақтайды? Тарихшылардың сөзiне сенсек, шаһар аумағынан табылған көне археологиялық қазбалар қала тарихының мыңжылдықтар кезеңiнен ары асатынын дәлелдейдi. Бұл Алматы топырағында тас ғасыры кезеңiнде алғашқы адамдардың өмiр сүргенiн әйгiлейдi. Ақиқаты, бұл Алматының арғы тарихынан сыр тартатын мағлұматтар. Ал қаланың төл тарихы қанша жыл дегенге келетiн болсақ, оның мыңжылдықтарға ұштасып жатқанына шүбә келтiрмеймiз. Алайда Алматының тарихын Верный бекiнiсiнен бастап, шаһардың 150 жылдығын тойламақ болған әлдекiмдердiң көздегенi де түсiнiктi. Бәрiне де уақыт емшi. Тасқа басылған тарих – бұлтартпас шындық. Алматы тарихы да мыңжылдықтарға қол созған, тасқа басылып, топыраққа бәдiзделген бұлтартпас шындық. Алматы тарихы мыңжылдықтардан асады. Археологиялық қазбалар: қорымдар, қорғандар, түрлi тарихи жәдiгерлер Алматы тарихын тайға таңба басқандай айқындап бердi», - дейді. Бұл мақаланы жазып отырған адам ғылыми негізге сүйене отырып журналистік тұрғыдан мәселе көтереді. Ол Алматы қаласының тарихы әріде жатқандығын өзінің мақаласында шегелей отырып, өзінің пікіріне дәйек ретінде Ә.Х.Марғұлан атындағы Археология институтының директоры Карл Байпақовтың: «Алматы - сақтардың, сақ тайпаларының ежелгi мекендерiнiң бiрi. Бұл жерде сақтардың одағы, сақтардың мемлекетiнiң бiр бөлiгi болды. Өкiнiшке қарай олардың көбi қиратылды, жойылды. Құрылыстардың бой көтеруiне байланысты басқа жаққа әкетiлдi. Солардың бiрi, Алматы территориясында сақталған – Ұлжан қорымы. Бұл да сақтардың үлкен қорғандарының бiрiне жатады. Бiз бұл қорғанды оның үстiне тұрғызылған үйлерге қарамастан қазып алдық. Археологтар мiндетi – мұндай құнды мұраларды сақтау, ғылыми негiздеме жасау»,-деген пікірін беруді де ұмытпайды. Бұл әдіс те журналистік тапқырлықтың бір белгісі болып табылады. Жалпы ғылыми танымның әдістері өте көп, әрі  сан салалы, себебі танып-білудің объектісі болып табылатын материалдық және рухани дүниенің өзі көп түрлі, сан салалы. Дегенмен, ғылыми танымның барлық әдістердің шартты түрде үш топқа бөлуге болады:

1) жалпылама диалектикалық әдіс. Ол болмыстың барлық жақтарын зерттеуге және таным процесінің барлық кезеңдерінде қолданылады;

2) жалпы ғылыми әдістер. Олар ғылымның барлық саласында пайдаланылғанымен, таным процесінің барлық кезеңінде қолданыла бермейді;

3) жекеше әдістер. Олар нақты құбылыстарды бір ғылымның шеңберінде зерттеуге қолданылады. 

Ғылыми танымның жалпы әдістері мен түрлерін қарастыру үшін танымның эмпириялық және теориялық деңгейлерін ажыратқан дұрыс, себебі әр деңгейдің өзіндік ерекшеліктері мен әдістері бар. Эмпириялық деңгейде таным объектісінің қасиеттері мен қырлары сезімдік қабілет түрғысынан қабылданады. Теориялық деңгейде таным объектісінің маңызды байланыстары мен заңдылықтары тәжірибе негізінде алынған біліммен қоса абстрактілі ойлау нәтижесінде тұжырымдалады.  «Ғылыми танымның эмпериялық деңгейінде кең қолданылатын ең қарапайым әдіс – бақылау деп аталады. Оның мәні – зерттеу объектісін белгілі бір мерзім аралығында нысаналы ұйымдасқан түрде жүйелі бақылай отырып, ондағы өзгерістерді қадағалау. Келесі әдіс – эксперимент – ғылыми тәжірибе деп аталады.

Оның ерекшелігі – зерттеліп жатқан объектіге адамның, зерттеушіні тікелей әсер етіп, ондағы процестерге араласуы». Мұндай әдіс-тәсілдер, танымдық жүйелер «Мәдени мұра» журналында үнемі салтанат құрып отырады. Өйткені, журналдың негізгі өзегі, формасы – ғылыми стильде жатыр.   «Мәдени мұра» мемлекеттік  бағдарламасы аясында арнайы айдар ашып, осы салаға нөмір сайын мақала жариялап отырған салалық басылымдардың ішінде «Мәдениет» журналының шоқтығы биік деп айтқымыз келеді. Осы журналда «Мәдени мұра» айдарында жарық көрген «Шинжиаңдағы қазақ ұлтының мәдени мұрасы» атты мақаланың көтерген жүгі ауқымды. Бұл мақаланы жазушы ҚХР қазақтардың бүкіл ұлттық мұрасы мен құндылығын білетін, өз ісінің нақ шебері, ҚХР Шыңжан Ұйғыр автономиясы жазушылар одағының мүшесі Мағаз Сүлейменұлы. Мағаз Сүлейменұлы өзінің мақаласында жалпы мәдени мұра түсінігіне ғылыми тұрғыдан баға беруге тырысады. Мәселен, ол: «Мәдени мұра заттық мәдени мұра, рухани мәдени мұра болып бөлінетінін бәріміз білеміз. Біз қытай территориясындағы қазақтар мәдени мұраларды бейзаттық мәдени мұралар деп атауға дағдыланғанбыз. Біз бүгін сөз еткелі отырған қытай-қазақ байырғы шығармалары мен халық ауыз әдебиеті сол бейзаттық мәдени мұраға тән екі тарау»,-дейді. Міне, осы арқылы автор шетелдегі қазақ халқының ұлттық құндылықтарын ашып береді. 

Осы тақырыптағы тағы бір ерекше шыққан мақалалардың бірі -  «Мәдениет» журналының 2013 қыркүйек айындағы санында жарияланған «Мәдени мұра» кім көрінгеннің нан табары емес» атты белгілі публицист Мырзан Кенжебайдың мақаласы. Аталған мақалада автор «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы аясында жарыққа шыққан философиялық сериясындағы кітаптарды сынайды. Бұл мақалада журналист кейбір қазақ журналистикасына тән ыңғаймен басынан-аяғына дейін мақтап, мадақтамайды. Сол бәріміз жапырыла мақтап, ТМД елдерінде жоқ бағдарлама деп аузымыздың суы құрып айтатын «Мәдени мұра» бағдарламасының көлеңкелі тұстарына үңіледі. Оған жалаң сөзбен емес, журналистің негізгі қаруы болып есептелетін фактімен «сойып салады». Аталған мақалада Мырзан Кенжебай «Әлемдік философиялық мұра» сериясын қазақшалауда кеткен үлкен олқылықтар туралы айтады. Сонымен мақалада: «Әлемдік философиялық мұра» сериясын қазақшалау не қазақтың терең мағыналы бай тілінен сусындап нәр алмаған, не мынауың дұрыс емес деген дәлелді сөзді қыстырмайтын, тілі орысшаға бейім әдеби сөзден мақұрым «ғұламаларға» тап болатын болды. Амал жоқ тілін былайғы жұрт түсінбейтін философия кімге қажет дейсің. Президент Н.Назарбаевтың өзі философия сериясымен шыққан кітаптардың аудармасынан түк түсінбегенін анық айтты»,- дей келе автор мақаласына журналистік факт беру үшін кітаптың аудармасынан үзінділер береді. Түкке тұрмайтын, жан адам баласы түсінбейтін, ғылымиды айтпағанда, қарапайым қазақ тілінің стилистік нормаларына мүлде сәйкес келмейтінін нақты жаза келе былай дейді: «Әзіл деп түсініңіз, бірақ «Әлемдік мәдениеттану ой санасы, «Әлемдік философиялық мұра» серияларымен шығып жатқан кітаптарды құрастырушылар мен тәржімалаушылардың ғылыми және басқа да атақ-даңқтарын оқып отырғанда, қорыққаннан зәрең зәр түбіне жетеді», - деп журналист кекесін юморлық көңіл-күй танытады. 

Қазақстан Республикасы өзінің тәуелсіздігін жариялаған уақыттан бастап мәдени өмірде үлкен сапалы өзгерістер басталды. Біріншіден, тарихи мәдени мұраларымыздың өзіндік орны мен қажеттілігі айқындалды, халықаралық қатынастар дами бастады. Бұл саланың күрделі мақсаттарының бірі – мәдениетті ұлттың рухани байлығы ретінде дамыту және жандандыру. Бүгінгі уақытта қазақ баспасөзінде үнемі жазылып, үнемі зерттеу объектісіне айналып келе жатқан бір тақырып бар – ол Алаш мұрасы, Алаштану, Алаш әдебиеті, Алаш қайраткерлері. Бұл тақырып «Мәдени мұра» бағдарламасының үлкен бөлігін құрайды. Міне, бұл тақырып біздің ұлттық дүниеміздің, ұлттық бағдарымыздың қайнар бұлағы. Алаш мұрасын біліп өскен ұрпақ, тәуелсіздіктің, азаттықтың қандай екендігін түсініп өседі. Осы рухани мұраны келешек ұрпаққа жеткізуге үлкен үлес қосып жүрген – «Алаш» ғылыми басылымының көтерер жүрігі зор деп білеміз. Әрине, бұл жерде тақырып тек осы басылымда ғана үнемі көтеріледі деген жаңсақ пікір тумауы қажет. Себебі, біз тағы да қайталап айтқымыз келеді, «Алаш мұрасы» біз үшін өте құнды. 

Осы алаш мұрасын үнемі насихаттауды негіз етіп алған басылым  –  «Алаш» журналы. «Алаш» тарихи-этнологиялық ғылыми журналы – «Алаш» атты ғылыми-зерттеу орталығының мерзімді басылымы болып табылады, яғни оның құрылтайшысы «Алаш» қорының тарихи-зерттеу орталығы. Журнал 2005 жылдың тамызынан бастап, екі айда бір шығарылып келеді. Оның таралымы – 1000 дана, шартты көлемі - 2 баспа табағы, форматы 70х104/16. Журналда «Алаш» тарихи-зерттеу орталығының «Қазақ рутайпаларының тарихы» жобасы аясында дайындалатын еңбектермен үндес. Сол еңбектерді көпшілік қауымға таныстыратын, оқырманмен арадағы қарым-қатынасты байланыстырушы құрал іспеттес. Мерзімді басылымның басты мақсаты қазақтың ру-тайпаларының тарихына қатысты ғылыми зерттеулерді жариялау болғандықтан оның айдарлары халықтың өткеніне байланысты тарихи деректерді, ата-бабаларымыздың қоныс тепкен орындарын, салт-дәстүрін, тарихи тұлғаларын т.б. көрсетуге бағытталған. Басылымда этнология, этноним, тарихнама, отарлау саясаты, ислам тарихы мәселелеріне де жете мән беріледі. Сондықтан да оның айдарлары негізінен мынадай болып келеді: «Сұхбат» немесе «Дөңгелек үстел», «Беделділер сөйлейді», «Тарихи тұлғалар», «Ру-тайпалар құпиясы», «Ата-баба жұрты», «Қазақты құраған тайпалар», «Азаттық үшін алысқандар», «Тарих деректерін сөйлетеміз», «Біздің тарихымыз шетел деректерінде», «Ата-баба дәстүрі», «Ислам тарихынан», «Этноним», «Отарлау саясаты», «Тарихнама», «Тоталитаризм тарихы». Бұлардан өзге журналдың қосымша бөлімін құрайтын «Тарихшылар бас қосты», «Пікір», «Мерейтойлар», «Құттықтау», «Кітап сөресі толықты», «Библиография» тәрізді айдарлар да тарихшылар, этнографтар, ғылыми зерттеушілер, жалпы оқырман қауым үшін маңызды болып саналады.  Қазақ халқының тарихында Алаш қайраткерлерінің алар орны ерекше. Олар өз ұлтының бостандығы жолында басын бәйгеге тіккен, туған елін отаршылдықтың бұғауынан босатып, тәуелсіз мемлекет құру үшін ақтық демі қалғанша күрескен асылдар еді.

Тасқа басылған осынау мол мұра ендігі кезекте қазақ халқының баға жетпес қазынасына, келер ұрпақтың бақилық игілігіне айналады. Мәңгілік ел болудың бұл де бір кемел кепілі»,-дейді. Бұл жұмыстың бәрі М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты жасағаны туралы, осы жоба бойынша ғалымдар көз майын тауысып 10 жылға жуық отырғаны туралы баяндалады. «Әдебиет және өнер институтында көне кәдімді талдай білетін үш-төрт маман ғана бар екен. Олар институттағы өзінің тікелей міндетімен қоса, осы Қоғамдық кеңестің жұмысын да көз майын тауысып, шаңға тұншығып, түшкіріп-пысқырып жүрсе де, он жылға жуық ізденіс жасап, абыроймен атқарып шықты. Сөйтіп олардың жылына 9-10 кітаптан артық дайындауға мүмкіндігі болмады. Біз оны да түсіндік, тықақтап мазаларын алмадық. Бастаған істі абыроймен аяқтасақ деп арман еттік. Иншалла, бүгінге сол арманға да жеттік...»,- деп аяқтайды автор мақаласын. Бұл мақалада М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының қырауар еңбегі мен ғалымдарының қажырлы қайраты туралы ашылып жазылған. Елбасының ұсынысымен қолға алынған игі істің табысты аяқталған ұлт ретіндегі ұлы жетістігіміз екені барынша көрсетілген. Мақаланың өн бойында көптеген деректер мен қоса сандық көрсеткіштер де молынан беріліп, әрбір сөз дәлелді пікірлермен нақтыланып отырған.

«Егемен Қазақстан» газетінің 2013 жылғы 15 наурыздағы санында «Өнеге» айдарымен берілген Сансызбай Молдажанның «Өмір өткелдерінің өрнегі» атты мақала жарияланған. Ғалым әрі ұстаз Рақыш Әміреұлының шығармашылығымен өміріне арналған бұл мақалада автор кейіпкердің балалық шағында көрген қиыншылықтары мен қазіргі жеткен жетістерін қатар алып суреттейді. Профессордың бүкіл өмірін арнаған органикалық химия саласындағы зерттеулерінің маңызына тоқталған автор кейбір ашқан жаңалықтарына да жіті тоқталады. «Басты бағыты – гологенді алифатты иодты қосылыстарды синтездеудің жаңа тиімді әдістерін ойлап тауып, қолданысқа енгізген. Сонымен қатар, ғалымның кейбір ашқан жаңалықтары тоқыма материалдарының өртенбеуіне, отқа төзімді қасиеттерге  ие болуына мүмкіндік беруде. Мұндай заттар антипирендер деп аталады. Ол синтездеген кейбір антипирендер қазір үлкен сұранысқа ие екен. Жалпы, Рақыш Әміреев 160-тан аса ғылыми және ғылыми-әдістемелік еңбектер жариялаған. Оның ішінде екі көлемді монография, Ресей, Ұлыбритания, АҚШ, Жапония секілді елдерде жарық көрген»,- дейді. Ғалымның өмір өткелдеріндегі небір сын сағаттардан қажыр-қайратымен, ақыл-парасатымен, еселі еңбегімен жүрген жолдарын автор нақты, әрі толымды етіп оқырманына жеткізе алған.   2013 жылдың 1 наурызында «Айқын» газетінің «Әлеумет» рубрикасымен шыққан  журналист Еркін Қалданның «Қолжетімді ақпарат ғылымның дамуына жол ашады» атты мақаласы жарияланған. Бұл мақалада еліміздің ғалымдары  халықаралық ғылыми журналдарға  өз еңбектерін жариялап, мәліметтер базасындағы ақпаратқа қол жеткізуге мүмкіндіктері артатыны туралы айтылған. Бұған ұлттық ғылыми-техникалық ақпарат орталығының» әлемдегі ең ірі Scopus бірыңғай үшін Elsevier B.V. компаниясымен уағдаласқан арнайы келісімі себепші екен. Мақалада

«Elsevier B.V. компаниясы мен ұлттық ғылыми-техникалық ақпарат орталығы арасындағы келісім отандық ғылыми, білім беру ұйымдары мен қауымдастықтарға Elsevier компаниясының бірегей электронды ақпараттық ресурстарын пайдалануға мүмкіндік береді. Сонымен қатар елімізде ғылымитехникалық қызмет пен ғылымды қажетсінетін экономиканы дамыту үшін жағдай жасайды»,-дейді мақала авторы. Бұл мақаланы танымдық қыры мен ақпараты мол екеніне көзіміз жетеді. Мысалы, «Elsevier компаниясы  бүгінде Ұлыбритания, Ресей, Жапония, Бразилия, Оңтүстік Корея, Түркиясынды мемлекеттермен ғылыми байланыстарын жандандыруда. Тарихы 1570 жылдан басталатын компания  бүгінде 30 миллионнан астам ғылыми қызметкерлер мен жас ғалымдарға қызмет көрсетеді»,- деген. Расында да дамыған 30 мемлекеттің қатарына кіруді мақсат етіп қойғанымыз белгілі. Дамыған елдердің сапына кірудің бір сатысы - әлемнің ғылым кеңістігіне кірігуі. Елімізде шығып жатқан журналдарды өзіміз ғана оқимыз, шетелдіктер оқи алмайды. Сондықтан да бұл мақалада көтеріліп отырған өзекті мәселе бүгінгі күннің талабы екені түсінікті.

«Айқын» газетінің 2013 жылғы 8 наурыздағы No42 санында  «Кітаптың да маманы болады» атты «Руханият» рубрикасымен шыққан мақала Қазақстандағы жоғары білімді кітапханашыларды дайындау проблемасына арналған. Мақала авторы – Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің ғалымдары Г.Нұржанова мен Ш.Үсенбаева. Бұл проблемалық мақалада кітапхана және библиография мамандығын дайындаудағы жетістіктер мен қиыншылықтар туралы айтылған. Осы аталған оқу орнындағы кітапхана бөлімінің 1961 жылғы 1 қыркүйектен факультетке айналып, мыңдаған мамандарды дайындап, еңбек жолына аттандырғаны туралы әңгімеленеді. Осы мамандықтың ашылғанына жарты ғасырдан астам уақыт өтсе де өз проблемалары, жетістіктері бар екені баяндалады. Мемлекеттік білім беру грантында оқитын студенттер үш мезгіл тегін тамақтанатыны, шәкіртақы, жатақханамен қамтамасыз етілетіні қуантады. Мақала авторлары осы сала мамандарының өзекті мәселелері туралы айта келе, кафедра оқытушыларының ғылыми жетістіктерін тілге тиек еткен. «Жалпы алғанда барлық зерттеу жұмыстарының ғылыми жәнетәжірибелік маңызы зор. Кафедра оқытушыларының ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелері ғылыми еңбектерде, мерзімді басылымдар мен ғылыми жинақтарда жарық көріп отырады. Сонымен қатар олар жоғары оқу орындарында оқылатын арнайы кәсіби курстарда да белсенді қолданылып келеді»,- дейді. «Алаш айнасы»  газетінің 2011 жылғы 11 наурыздағы санында «Руханият» рубрикасымен «Білім және ғылым министрлігінің назарына» деген айдармен  «Мұғалімдер білім берудің орнына қоқыс жинап жүр» атты проблемалық мақала жарияланған. Мақаланың авторы Сәкен Алдашбаев. «Кешегі сенбі күні түске таман қаланың Шанхай бөліндегі Хон Бен До көшесімен келе жатып, сол көше бойындағы «Балықбай» атты қазақ бейіті жағалап бүкшеңдеп жүрген елу, алпыс әйел азаматтарын көзім шалып қалды.

Мұнысы несі деп мән-жайды білу мақсатында оларға қарай жақындай түскен едім. Біреуін танып қалдым. Осы қаладағы бір мектепте ұстаздық ететін апай. Дереу қасына барып, амандасып, үй-іші саулығын біліскен соң мұнда барлығыңыз неғып жүрсіздер деп сұрақты төтесінен қойдым. Ұстаз болса түсінкі көңіл-күймен «Мұғалімдер құл емес пе, сенбілікке шығарып қойды. Бізге сабақ беру, баланың талантын дамыту үшін ғана емес, осылардың айдаған жеріне жегіліп жүреміз ғой үнемі деді иегін жоғары жаққа қағып. Одан кейін мақала былай жалғасады: Сөйтсем осы аймақ пен моланың іші сыртын, «КАЗрос» мұнай компаниясы кеңсесінің артын тазарту үшін No261, 173, 10 мектептері ұстаздары мен No4 балабақша тәрбиешілерін сенбілікке шығарыпты. Дұрыс, тазалық әрбіріміз үшін ауадай қажет, алайда мына істері ұстазды масқаралау, беделін түсіру емес пе деп қаласың. Бұл жауапсыздыққа кім жауап береді?!. Автор сол арада тұрып қалалық білім бөлімі басшысы М.Аралбаевқа хабарласып, қаланың бас ұстазының айтуынша мұнысы сауапты іс екенін ұққанын жазады. Осылай етейік деп жатырмыз деп мешіт имамдарынан ұрықсат алыпты. Алты алаштың басы қосылғанда төрге шығатын ұстаздың көлеңкесінің өзін басу күнә деген жоқ ба еді ұлы ғұлама Қожа Ахмет Яссауи. Қазір ұстаздар көрінген тапсырманы орындаушы роботқа айналғандай. Мақалада білім министірлігінен ұстаздарды мұндай ретсіз шараға тартуды тоқтатуын сұраған автордың ойымен келіспеуге болмайды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға