Жаңалықтар

БАҚ, мемлекет, қоғам: цифрлық қауіпсіздік пен медиа сауаттылық

Форум Астанадағы ЕҚЫҰ Офисі мен Конрад Аденауэр атындағы қордың қолдауымен өтеді
БАҚ, мемлекет, қоғам: цифрлық қауіпсіздік пен медиа сауаттылық
14.05.2018 11:49 5961

Алматыда 2018 жылдың 17-18 мамыры күндері “InternetCA-2018 Орталық Азиядағы интернет саласының дамуы” ІХ ортаазиялық форумы өтеді.

Форум Астанадағы ЕҚЫҰ Офисі мен Конрад Аденауэр атындағы қордың қолдауымен өтеді.

Форумның тақырыбы: “БАҚ, мемлекет, қоғам: цифрлық қауіпсіздік пен медиа сауаттылық”

Форумда талқыланатын негізгі тақырыптар:

      ·        Ақпараттық кеңістіктің дамуындағы мемлекет пен қоғамның, БАҚ-тың рөлі

·        Шындықты қалыптастырудағы интернеттің әсері

·        Цифрлық қауіпсіздік, дербес деректерді сақтау 

·        Орталық Азиядағы сөз бостандығы, БАҚ мүмкіндіктері 

·        Аудиторияның медиа сауаттылығы фейк жаңалықтарға, насихатқа қарсы ең тиімді құрал ретінде. 

·        Ксенофобия, өшпенділік тілі

·        Медиакеңістікті реттеудегі мемлекеттің рөлі 

Осымен тоғызыншы рет өткізілетін форумға Германия, Чехия, Ресей, Украина, Тәжікстан, Қырғызстан, Өзбекстаннан келген мемлекеттік органдардың, халықаралық ұйымдардың,  ҮЕҰ-дың, дипломаттар, журналистер, сарапшылар, академиялық және бизнес орта өкілдері аймақ ақпараттық кеңістігіндегі БАҚ-тың, қоғамның және мемлекттің рөлдерін талқылай отырып, тың бастамалар мен идеяларды, нақты мысалдар мен құралдарды талқылайтын болады.

Өтетін күні: 17-18 мамыр 2018 жыл

Тіркеу уақыты: 9:30

Шараның басталуы: 10:00

Өтетін орны: Ramada Almaty отелі  (Байтұрсынов көшесі, 27), Алматы, Қазақстан

Форумға баяндамашы ретінде 2018 жылдың 30 сәуіріне дейін тіркелуге болады: https://goo.gl/forms/qA8YP2Leq4nM47Q43

Егер сіз форумға қонақ ретінде қатысқыңыз келсе,2018 жылдың 10 мамырға дейін тіркелуіңізді сұраймыз: https://goo.gl/forms/zlEMhtazAR0Fswpm1

Қатысушылардың саны шектеулі.

Ұйымдастырушылар сіздің тіркелгеніңіз туралы ақпаратты 2018 жылдың 15 мамырана дейін электронды почтаңызға жібереді.

Толығырақ ақпарат алу үшін:

Алёна Кошкина, Думан Смаков

+7 727 292 2046, +7 747 987 9879, +7 702 629 2866

medianet.smm@gmail.com, medianet.kz

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға