Жаңалықтар

Бағдат Мусин төтенше жағдайда азаматтарды жедел хабарлау жүйесі сынақтан өткенін айтты

Бағдат Мусин төтенше жағдайда азаматтарды жедел хабарлау жүйесі сынақтан өткенін айтты
Фото: primeminister.kz 25.01.2024 12:07 854

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин жедел ескерту жүйесі қалай жұмыс істейтінін айтып берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

2022 жылдан 2023 жылға дейін Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Төтенше жағдайлар министрлігімен бірлесіп Cell broadcast технологиясын қолдану арқылы төтенше жағдайларда азаматтарды жедел хабарлау жүйесін сынақтан өткізді. Бұл жүйе дәстүрлі SMS хабарламаларынан ерекшеленетін жаппай ескертуге бағытталған жаңа тәсіл болып табылады.

Оның абоненттерге жолданатын бір реттік SMS ескертулерден айырмашылығы - Cell broadcast технологиясы миллиондаған азаматтарды белгілі бір аумақтағы төтенше жағдайлар туралы дер кезінде хабардар етуге, ескерту хабарламасын жедел және жаппай таратуды қамтамасыз етуге арналған. Cell broadcast жүйесі табиғи апаттар (мысалы, су тасқыны, өрт) немесе террористік жағдайлар сияқты төтенше жағдай туралы дереу хабарлауды қажет ететін жағдайларда пайдаланылады, - дейді ол.

Сейсмологиялық тұрақсыз аймақтардағы бірқатар елдер қазірдің өзінде жаппай ескерту технологиясын қолданады. Мысалы, АҚШ-та бұл жүйені тестілеу былтыр ұлттық деңгейде өткізілді. Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі барлық мүдделі ведомстволарға қаражат бөлінген жағдайда Қазақстанда Cell broadcast жедел хабарлау технологиясын іске асыруға дайын екендігі туралы хабарлады. Cell broadcast технологиясы ақпараттық жүйені әзірлеуді және барлық ұялы байланыс операторларымен интеграция жасауды қажет етеді. Бұл жүйенің артықшылығы - оны тек жер сілкінісі кезінде қолдану міндетті емес. Төтенше жағдайлардың басқа түрлері бар, мысалы, су тасқыны, өрттер немесе террористік сипаттағы басқа да жағдайлар. Мұндай кезде сол аймақтағы абоненттерді болып жатқан жағдай туралы жаппай бір уақытта хабардар ету қажет. 

Дегенмен, сейсмикалық белсенділікті анықтау жүйесі мен жедел жаппай ескерту арасында өзара айырмашылық бар. Сейсмикалық белсенділікті анықтау жүйесі жер асты дүмпулерін анықтауға арналған жабдықты пайдаланады, ал жедел ескерту жүйесі тұрғындарды жедел және жаппай ескерту үшін Cell broadcast технологиясын қолданады, - деп атап өтті министр.

Детекция жүйесі мен жедел хабарлау арасындағы мұндай шатастыру пікірін болдырмау үшін қазір Алматы қаласы ТЖД әкімдікпен детекция жүйесін толыққанды іске асыру бойынша жұмыс жүргізуде. Сейсмологиялық анықтау жүйесі дайын болғаннан кейін Cell broadcast жүйесімен мұқият түрде интеграция жүргізу қажет. Екі жүйені толыққанды іске асыру және дұрыс интеграциялау кезінде, сейсмологиялық жүйеде детекция пайда болған кезде, Алматы қаласының барлық тұрғындары үшін автоматты түрде ескерту жасалады, сондай-ақ бұл жүйені төтенше жағдайдың басқа жағдайларында да пайдалануға болады. 

Жедел хабарлау жүйесіне бұл тәсіл тиісті бюджет қаражатын бөлу кезінде іске асыруға ұсынылады. Қажетті қаржыландыру болған жағдайда біз осы жүйені екі ай ішінде толыққанды іске асыруға дайынбыз, - деп жазды министр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға