Жаңалықтар

Бағдат Мусин Астананың интернет жылдамдығы төмен көшелерін аралады

Бағдат Мусин Астананың интернет жылдамдығы төмен көшелерін аралады
Фото: primeminister.kz 08.01.2024 14:21 720

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин «Мемлекеттік радиожиілік қызметі» РМК, әкімдік өкілдері және байланыс операторларымен бірге елордада байланыс пен интернет сапасын жақсарту бойынша атқарылған жұмыстардың нәтижелерімен танысты.  

Өткен жылы ЦДИАӨМ Астана қаласының әкімдігімен бірлесіп, байланысы жоқ немесе Интернет жылдамдығы төмен 67 тұрғын үй кешенін анықтады. Бүгінде 62 тұрғын үй кешенінің тұрғындарымен келісімге қол жеткізілді, ал қалған бес үйде әлі де радиофобтар бар.

Мәселен, Манхэттен тұрғын үй кешені маңындағы мобильді интернеттің жылдамдығы мамыр айындағы көрсеткішпен (Билайн – 1,7 Мбит/с, Кселл- 1,2 Мбит/с, Теле2 – 5,4 Мбит/с) салыстырғанда, барлық операторда орташа есеппен 8-10 есеге өсті (Билайн – 28,7 Мбит/с, Кселл - 24,2 Мбит/с, Теле2 – 32,8 Мбит/с).

Айта кетейік, қазіргі уақытта Хан Шатыр СОО маңындағы 11 тұрғын үй кешенінде базалық станция орнатылған (Самұрық Towers ТК, Семь Палат ТК, Анет баба 13/3, Өнер-2 ТК, Өнер тк, Е-128, Аққу ТК, Мұхамедханов 20, Мұхамедханов 19а, Smart City ТК, Greenline Qurmangazy ТК).

Бұл жерде мәселе тек 50 пайызға шешілді. Босаңсуға әлі ерте. Сондықтан бұл мәселені тезірек шешу керек. Тұрғындар қызмет үшін мемлекетке емес, операторларға төлейді. Болашақта мұндай проблемалар болмауы үшін құрылыс компаниялары архитектуралық жұмыстарды келісу кезінде базалық станцияларды орнату аймақтарын алдын ала анықтауы керек. Біз бұл мәселені бұған дейін де әкімдікпен талқыладық, сондықтан бұл жұмысты күшейту қажет, - деп атап өтті Бағдат Мусин

Сондай-ақ Министрлікке елорда тұрғындарынан Тұран даңғылы (Sezim Qala ТК, Ақ Дидар ТК) бойынша байланыс және интернет сапасына қатысты шағымдар келіп түсуде. Бұл ауданда антенна-діңгек құрылысын салу мүмкіндігі қарастырылды және 2024 жылдың ақпан айының соңына дейін электр монтаждау жұмыстарын аяқтау жоспарлануда, содан кейін байланыс операторлары жабдықтарды монтаждайды, аталған жұмыстар осы аудандағы байланыс сапасын жақсартуға әсер етуі тиіс.
 
 Елорданы цифрландыру басқармасы электр монтаждау жұмыстарын аяқтау процесіне жәрдем көрсетеді.

Біз әкімдікпен бірлесіп, Жол картасы аясында 20 антенна-діңгек құрылғысын орнаттық, бұл Астана қаласы бойынша интернет пен байланыс сапасын жақсартуға ықпал етеді, - деп атап өтті министр.

Сондай-ақ министр қаланың жылдам салынып жатқан аумағының біріне (Тұран даңғылы-Ұлы дала даңғылының қиылысы) барды. Онда ақпан айының соңына дейін іске қосылуы тиіс антенна-діңгек құрылғысы орнатылған. Байланыс желілерін жоспарлау кезінде туындаған бұған дейінгі қиындықтарды және елорданың сол жағалауындағы байланыс сапасына қатысты проблемаларды ескере отырып, мұндай антенна-діңгек құрылғылары алдын ала салынатын болады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға