Жаңалықтар

Бағаны тұрақтандыру: Алматыға 15 млрд теңгеге азық-түлік жеткізіледі

Бағаны тұрақтандыру: Алматыға 15 млрд теңгеге азық-түлік жеткізіледі
Фото: liter.kz 17.02.2023 20:50 1113

Алматы әкімі Наурызбай ауданының тұрғындарымен кездесуде азық-түлік инфляциясы туралы сұраққа жауап берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ерболат Досаев бұл маңызды мәселе әрі қала әкімдігі үшін басты міндет екенін атады. Негізгі өнім бағасының қымбаттауына шектеу қою мен тұрақтандыру күзде басталды. Маусымаралық кезең үшін арнайы шарт жасалды.

«Алматыда бағаны тұрақтандыруға 15 млрд теңге көлемінде ең көп қаржы бөлінді. Көктемде наурыз айының ортасынан бастап біз алғашқы жеткізілім келеді. Бұған қоса, Ақсу қант зауытымен 2,6 млрд теңгеге шарт жасастық. Жазда қант бағасы өспейді деп ойлаймын. Нанның бағасы бұрынғыдай қалады, өйткені біз оны субсидиялаймыз, жергілікті бюджеттен қосымша ақша бөлдік», - деді әкім.

Ерболат Досаев азық-түлікке жатпайтын тауарларға, соның ішінде жалпы геосаяси жағдайға және жеткізу тізбегінің бұзылуына байланысты бағалардың өсіп келе жатқанын жеткізді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға