Бағалы бұйымдар сатумен заңсыз айналысқан бір топ адам ұсталды
Фото: polisia.kz
Фото: polisia.kz
27.02.2023 21:08
942
Көлік полицейлері бағалы металдардың заңсыз айналымымен айналысқан бір топ адамды ұстады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Көліктегі полиция департаменті Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері, Бас көлік прокуратурасының үйлестіруімен, жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Қазақстан Республикасының аумағында ұзақ уақыт бағалы металдардың заңсыз айналымымен айналысқан бір топ адамның әрекетін әшкереледі.
ҚР ҚК 295-1 бабы 3-бөлігімен, яғни “Бағалы металдар мен асыл тастардың, құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларының заңсыз айналымы” бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Тергеу мүддесіне орай өзге ақпарат жариялауға жатпайды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Қазақстандық студенттер Coursera сертификаттарын алды