Жаңалықтар

БАҚ өкілдері күрделі оталарға қатысты

Онкология орталығы мен Травмотология және ортопедия ғылыми-зерттеу институтынан репортаж
05.12.2016 08:45 5775

Таяуда БАҚ өкілдері Астанадағы онкология орталығы мен Травмотология және ортопедия ғылыми-зерттеу институтын аралады.

БАҚ өкілдері күрделі оталарға қатысты

Астана онкология орталығының бас дәрігері Мұхтар Төлеутаев журналистерге «Трубим» аппаратын таныстырды. Бұл аппараттың ерекшелігі – кішкентай көлемді қатерлі ісіктерді сау тіндерге зиян келтірместен асқан дәлдікпен емдей алатындығында.

БАҚ өкілдері күрделі оталарға қатысты

Сәулемен емдеу кезінде науқастың жағдайына қарай қажетті доза мөлшері тағайындалады. Мұндай қымбат аппарат  әзірше тек Ақтөбе, Семей, Алматы және Астанадағы онкология орталықтарында бар екен.

БАҚ өкілдері күрделі оталарға қатысты

Өткен жылы шілде айында іске қосылған заманауи аппарат денесіндегі қатерлі ісігі асқынып кеткен науқастардың уақытша дертін жеңілдету үшін, ерте кезеңдегі обыр ауруын толығымен емдеу үшін пайдаланылады.

Баспасөз туры барысында журналистердің көзінше «Трубим» аппаратына мойнына қатерлі ісік шыққан науқас жатқызылды.

БАҚ өкілдері күрделі оталарға қатысты

Науқастың басына  суреттегідей арнайы маска кигізілді. Әрбір адамға өзінің сырқатына қарай бөлек-бөлек маскалар тағайындалған.

БАҚ өкілдері күрделі оталарға қатысты

Содан соң, дәрігер мен медбике сәулемен емдеу бағдарламасын іске қосты.

БАҚ өкілдері күрделі оталарға қатысты

Сәулемен емдеу процесі емделушінің денесіндегі ісіктің көлеміне қарай 25-30 рет жасалады.

БАҚ өкілдері күрделі оталарға қатысты

Мұндағы емнің құны өзге елден келген науқастар үшін айтарлықтай қымбат тұрады екен. Ал, қазақстандықтар бұл орталықта тегін емделеді.  

БАҚ өкілдері күрделі оталарға қатысты

                   Жоғарыдағы суретке қарап дәрігерлер науқастың өңеш тұсындағы қатерлі ісіктің тұрған орнын нақтылады.

БАҚ өкілдері күрделі оталарға қатысты

Бағдаш Мұстафина, Астана онкология орталығы бас дәрігерінің орынбасары:

– Қазір Астана онкология орталығында диспансерлік есепте онкологиялық ауруға шалдыққан 8150 адам тұр. Өткен жылы Қазақстанда осы ауыр дертке шалдыққан жандардың саны 156 мыңға жетті. Орталықта диспансерлік есепте тұрған балалар саны – 142, жеткіншектер саны 20-ға жуық. Балалар Астанадағы ұлттық «Ана мен бала» орталығында емделеді, ал онкологиялық орталыққа химиялық сәулелендіру емін алуға келеді.

Астанада сүт безінің қатерлі ісігімен ауыратындардың саны озып тұр. Шамамен, жыл сайын 250-дей әйел осы дертке шалдығады. Одан кейінгі кезекте өкпенің қатерлі ісігі, асқазанның қатерлі ісігі және терінің қатерлі ісігі тұр. Солтүстік аймақтарда өкпенің қатерлі ісігінен көз жұматын тұрғындардың саны басқаларымен салыстырғанда, көбірек.

Астанада тұратындардың 30 пайызға жуығы – республиканың басқа аймақтарынан келген азаматтар. Олардың арасында обыр дертімен ауыратын азаматтар елордаға көбіне ауруы әбден асқынған кезде келеді. Сол себептен, Астанада соңғы жылдары ісіктен көз жұмғандардың саны көбейген. Қазір орталықтағы дәрігерлер астаналық тұрғындар мен басқа жақтан келген тұрғындардың статистикасын бөлек-бөлек жүргізеді.

Қатерлі ісіктің алдын алу үшін, тұрғындар жыл сайын өздері тұратын аймақтағы емханаларда скринингтен өтуі қажет. Ең қиыны, обырдың нақты бір белгілері болмайды. Бұл ауру әдетте білдірмей келеді.  Адам кеселге шалдыққанын білмей қалады. Ауру бастапқы кезде адамға ешқандай белгі бермейді. Жеңіл-желпі әлсіздік, адамның жүдеп кетуі, тәбеттің төмендеуі байқалуы мүмкін. Бірақ, мұндай белгілерге көп адамдар мән бере бермейді. Сондықтан, тұрғындар ағзасындағы кінәраттарға бей-жай қарамай, дәрігерге уақытылы барып тұруы қажет. Мысалы, әйелдер әрбір 2 жыл сайын кеудесінде сүт безінің қатерлі ісігі бар-жоғын тексертіп тұруға тиісті.

БАҚ өкілдері күрделі оталарға қатысты

Ал, мынау – химиялық препаратттарды дайындайтын кабинет.

БАҚ өкілдері күрделі оталарға қатысты

Бұл заманауи аппарат – Швеция мен Францияның бірігіп жасаған өнімі. Мұндай изолятор бірде-бір ТМД елінде жоқ, әзірше тек Астанаға ғана әкелінген.

БАҚ өкілдері күрделі оталарға қатысты

Изоляторды онкология орталығына Астана қаласының әкімдігі 65 миллион теңгеге сатып әперген. Изолятор ішінде әр науқасқа арнайы жазылған дәрі мөлшері стерильді жағдайда дайындалады.

БАҚ өкілдері күрделі оталарға қатысты

 Бұрын мұндай ерітінділер егу бөлмесінде дайындалатын еді. Олардың химиялық әсері өте күшті болғандықтан, мамандарға тиетін зияны көп болатын. Енді онкологиялық орталықтағы дәрігерлердің жұмысы біршама жеңілдеді.

БАҚ өкілдері күрделі оталарға қатысты

Дәрі-дәрмек даярлайтын кабинеттен соң, журналистер микрохирургиялық қалыптастыру отасына қатысты.

БАҚ өкілдері күрделі оталарға қатысты

Күрделі ота барысында дәрігерлер тіліне қатерлік ісік шыққан әйелдің тілін толық алып тастап, оның орнына науқастың өз тіндерінен жасанды тіл жасады.

БАҚ өкілдері күрделі оталарға қатысты

Бас дәрігер Мұхтар Төлеутаевтың айтуынша, орталықта науқастың қан тамырларын жеке отамен алып, оның мойын аумағындағы тамырларға жалғау, адамның бұлшықетінен тіл жасау процесі 2013 жылы іске қосылған технологияның арқасында жүзеге асқан екен. Отадан соң емделуші жасанды тілдің көмегімен сөйлеп, тамақ жей алады.

БАҚ өкілдері күрделі оталарға қатысты

Елордалық онкологтар осы тәжірибені одан әрі жетілдіру мақсатында Үндістаннан білікті дәрігерді қайта шақырған.

Үндістаннан келген дәрігер күрделі отаға кіріскелі тұр

БАҚ өкілдері күрделі оталарға қатысты

Мұхтар Төлеутаев, Астана онкология орталығының бас дәрігері:

– Қазір шетелде жасалатын отаның қай-қай түрін де жасап жүрміз. Жыл сайын тіл, иек, ауыз қуысының түбіне осындай ауыр 10-нан астам ота жасаймыз. Ал жалпы, орталықта жылына әртүрлі деңгейдегі 3 мыңға жуық ота жасалады. Бізге адамдар Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Армения, Грузия, АҚШ-тан келіп емделеді. Орталыққа қазір 1 морфолог пен 2 анестизиолог жетіспейтіні болмаса, басқа мамандардың бәрі бар.

БАҚ өкілдері күрделі оталарға қатысты

БАҚ өкілдері күрделі оталарға қатысты

Науқастың ішкі құрылысына жасалып жатқан отадан көрініс

БАҚ өкілдері күрделі оталарға қатысты

Ал,  Астана онкология орталығы бас дәрігерінің орынбасары Бақтыбай Оразбеков журналистерге онкология орталығы елордадағы Райхан Асқарқызы деген білікті маман басқаратын оқу орталығының қолдауымен биыл бес шеберлік дәрісін өткізгендерін айтты. Бұған дейін Үндістан, Латвия, Ресейден дәрігерлер келсе, Жақында кореялық профессорлар шеберлік дәрісін өткізеді екен. Олар жергілікті мамандарға тік ішек және тоқ ішек обырына қалай ота жасау керектігін көрсетпекші. 

БАҚ өкілдері күрделі оталарға қатысты

Баспасөз туры бұдан әрі Травмотология және ортопедия ғылыми-зерттеу институтында жалғасты. Cәулелік диагностика бөлімінің меңгерушісі журналистерге институтқа 2011 жылы әкелінген компьютерлік томографты көрсетті. Бұл аппаратпен, ең алдымен, диагнозын шұғыл түрде анықтауды қажет ететін аса ауыр жағдайдағы науқастарды тексереді.

БАҚ өкілдері күрделі оталарға қатысты

Томограф науқастың барлық дене мүшесін тексеруге қауқарлы.

БАҚ өкілдері күрделі оталарға қатысты

Ерғали Нәбиев, Травмотология және ортопедия ғылыми-зерттеу институтының ғылыми хатшысы, медицина ғылымдарының кандидаты, доцент:

– Бүгінде Травмотология және ортопедия ғылыми-зерттеу институты тірек-қимыл аппаратының зақымдарына арналған диагностиканың жаңа технологияларын белсенді түрде енгізіп жатыр. Мысалы, орталықта науқастың ірі буындардын эндопротездейді. Статистика бойынша, Қазақстанда ірі буындарын эндопротездеуге 30 мыңға жуық адам мұқтаж. Оның ішінде, 15 мыңға жуық адам жамбас-сан буынына арналған эндопротездеуді қажет етеді. Солардың бәрін қамтамасыз ету үшін елімізде күніне кем дегенде 30 протез салынуы керек екен.

БАҚ өкілдері ғылыми хатшыдан институтта жасалатын аз инвазиялық оталар туралы сұрады.

– Аз инвазиялық отаны біз 10 жылдан бері жасап келеміз. Бұл отаның ерекшелігі сол, сынық аймаққа тілік жасалмайды немесе аз тілік жасалады. Соның әсерінен, сынықты бітіретін жасушаларға зақым келмейді, сынық аймағында қан айналымы сақталады. Сүйектің ішіне конструкцияны енгізгеннен кейін екі шетін бекітіп тастаймыз. Бұрын біз сынық аймағын ашып, қолмен ұстап көретінбіз, сынған жерге гипс таңатынбыз. Ал, қазір ашудың қажеттілігі жоқ. Отадан кейін науқас ертеңінде-ақ тұрып, жүре алады, – деп жауап берді Ерғали Нәбиев.

Күрделі отадан көрініс


Роза ӘРЕН

Суреттерді түсірген – Нұрбек ӘЛМАНБЕТОВ

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға