Жаңалықтар

БҚО ҚХА АНАЛАР КЕҢЕСІ ДӘСТҮРЛІ ҚАЗАҚЫ ТӘРБИЕ ТАҚЫРЫБЫН ТАЛҚЫЛАДЫ

БҚО ҚХА АНАЛАР КЕҢЕСІ ДӘСТҮРЛІ ҚАЗАҚЫ ТӘРБИЕ ТАҚЫРЫБЫН ТАЛҚЫЛАДЫ
06.03.2019 03:52 3505

Орал қаласының Достық үйінде Батыс Қазақстан облысы Қазақстан халқы ассамблеясы аналар Кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті.

Кеңес отырысының ашылуында облыс әкімінің орынбасары Ғабидолла Абдоллаұлы Оспанқұлов 8 Наурыз – халықаралық әйелдер күні мерекесі қарсаңында аналар Кеңесінің төрайымдарын облыс әкімі Алтай Көлгіновтің атынан алғыс хаттармен марапаттады.

Кеңестің күн тәртібінің алғашқы сұрағы бойынша БҚО ҚХА төрағасының орынбасары, хатшылық меңгерушісі Ғайса Қапақов облыстың «Аналар Кеңесі қызметінің картасының жүзеге асырылуы және Аналар кеңесінің қызметі мен жұмыс бағыты туралы» баяндама жасап, қатысушыларға жалпы мәлімет беріп өтті.

Аналар Кеңесінің мүшесі Нұрия Хабибуллина «Казталов аудандық аналар кеңесінің мемлекеттік бағдарламалар мен жобаларға қатысуы туралы» баяндап, аудан көлемінде биылғы жылы атқарылатын жұмыс жоспарымен бөлісті.

БҚО ҚХА Аналар Кеңесінің төрайымы Шалқыма Құрманалина дәстүрлі қазақы тәрбие бағытында «Қазақ тәрбиесі жүйесіндегі ар-намыс пен абырой»  туралы өзінің ойымен бөлісіп, Аналар кеңесінің отырыстарында дәстүрлі қазақы тәрбие тақырыптарын талқылау туралы әңгімелер айтылуы қажеттігіне баса назар аударды.

Күн тәртібіндегі аталған мәселелер туралы қатысушылар өз ойларымен бөлісіп, ұсыныстарын білдірді. Шара соңында кеңес мүшелері жоғарыда көтерілген мәселелер бойынша шешім қабылдады.  

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗДАР: 

ОРАЛ: «ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫ КОНСТРУКТИВТІ ҚАРЫМ- ҚАТЫНАС ҚҰРАЛЫНЫҢ НЕГІЗІ»

ОРАЛДА АҚСАҚАЛДАР КЕҢЕСТІ

ТАТАРСТАН ПРЕЗИДЕНТІ ОРАЛДА «САБАНТОЙ» МЕРЕКЕСІНЕ ҚАТЫСТЫ

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға