БҚО-да көлде ағып кеткен бала үш күннен кейін табылды
Баланы іздестіру жұмыстарына ТЖД күштерімен қатар, жергілікті тұрғындар, еріктілер жұмылдырылды.
25.06.2022 23:27
1694
Батыс Қазақстан облысында Шалқар көлінде ағып кеткен 8 жасар бала үш күннен кейін табылды, деп хабарлайды El.kz.
БҚО ТЖД баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, 25 маусым күні сағат 15:50-де баланың денесі Теректі ауданы Рыбцех пен Шалқар ауылдарының арасында көл жағалауынан табылған.
– Баланы іздестіру жұмыстарына ТЖД күштерімен қатар, жергілікті тұрғындар, еріктілер жұмылдырылды. Қазіргі кезде сараптама тағайындалды. Соның қорытындысына сәйкес өлімнің себебі анықталады, - деп хабарлады ведомстводан.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Шекара қызметінің экс-директоры екі айға қамауға алынды
Келесі жаңалық
«Ата жолы» картасы: этникалық қазақтар елге оралды