Жаңалықтар

БҚО-да ауыл әкімі жол апатынан қаза тапты

Марқұм Тау ауылдық округінің әкімі болып қызмет атқарған.
БҚО-да ауыл әкімі жол апатынан қаза тапты
23.06.2022 22:04 1305
Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданына қарасты Тау ауылдық округінің әкімі көлік апатынан көз жұмды. Бұл туралы El.kz БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Полиция департаментінің мәліметінше, жол апаты 23 маусымда сағат 01:50-де Жәнібек-Таловка жолының 25-шақырымында, Тау ауылына жақын жерде болған.

– Volkswagen Polo көлігінің жүргізушісі рөлге ие бола алмай қалып, жол жиегіне аударылып кеткен. Ол көлік салонында жалғыз болған. Жүргізуші алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды. Мәйіт сот-медициналық сараптамасына жіберілді, – делінген облыстық ПД хабарламасында.

Марқұм Тау ауылдық округінің әкімі болып қызмет атқарған. 34 жастағы Нұрлыбек Төрешовтің артында жұбайы мен төрт кішкентай баласы қалды.

Қазіргі кезде ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 3-бөлігі "Жол қозғалысы ережелерін бұзу" бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға