Жаңалықтар

БҚО-да «Тұңғыш Президент жолымен» Халық экспедициясы эстафетасы басталып кетті

БҚО-да «Тұңғыш Президент жолымен» Халық экспедициясы эстафетасы басталып кетті
25.12.2019 16:31 2240

Батыс-Қазақстан облысында Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығы шеңберінде «Тұңғыш Президент жолымен» Халық экспедициясы эстафетасы басталып кетті. Аталмыш эстафетаны оралдықтар Ақжайық ауданына, яғни Жұбан еліне салтанатты түрде табыстап қайтты.

БҚО-да «Тұңғыш Президент жолымен» Халық экспедициясы эстафетасы басталып кетті

Эстафетаны тапсыру рәсімі «Хакатон» форматында бір мезетте бес диалогтық алаңда өтіп, этномәдени бірлестіктердің төрағалары мен белсенді мүшелері Қазіргі замандағы Елбасының рөлі мен ерекшелігі, оның жастар тәрбиесіне патриоттық сезім қалыптастыруға қосқан үлесі және облыстық Ассамблеяның жұмысындағы өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты.

БҚО-да «Тұңғыш Президент жолымен» Халық экспедициясы эстафетасы басталып кетті

Аудандық әкімдікте өткен «Хакатон» форматындағы бірінші диалогтық алаңда Орал қаласының қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы Михаил Мозжухин «Қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайтудағы Елбасының тарихи рөлі» тақырыбында пікірталаспен алмасты.

БҚО-да «Тұңғыш Президент жолымен» Халық экспедициясы эстафетасы басталып кетті

Нақты айтқанда, Қоғамдық келісім кеңестерінің қоғамдағы күрделі мәселелерді шешудегі рөлі, азаматтық қоғам институттары мен билік органдарының өзара іс-қимылын, мемлекеттік органдардың әлеуметтік-экономикалық даму шараларын орындауына қоғамдық бақылау жасауы кеңінен талқыланды.

БҚО-да «Тұңғыш Президент жолымен» Халық экспедициясы эстафетасы басталып кетті

Осы сәтте екінші диалогтық алаңда ақсақалдар кеңесінің белсенді мүшелері «Ата сөз – бата сөз» – «Батамен ел көгерер» тақырыбы төңірегінде ой қозғады. Ұлттық салт-дәстүр мен батаның тәрбиелік мәнін насихаттау, кейінгі ұрпақты үлкенді құрметтей білуге, аталы сөзден ғибрат алуға тәрбиелеу, адалдық пен әділдікке, адамгершілікке үндеуді мақсат етті. Жиында ақсақалдардың жас ұрпақты тәрбиелеудегі негізгі бағыттары, аға буын өкілдерінің қоғамдағы рөлінің төмендеуінің себеп-салдары, Отбасы институтын қалыптастырудағы, қоғамдағы түйткілді мәселелерді шешудегі ақсақалдардың рөлі туралы келелі ойлар талқыланды.

БҚО-да «Тұңғыш Президент жолымен» Халық экспедициясы эстафетасы басталып кетті

Үшінші диалогтық алаңда аналар кеңесінің белсенді мүшелері аудандық кітапханада бас қосып, Мемлекет басшысының «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауында және «Рухани жаңғыру» бағдарламасында белгіленген міндеттерді шешудегі аналар кеңесінің атқарылған жұмыстары мен мәселелерін талқылауды көздеді.

БҚО-да «Тұңғыш Президент жолымен» Халық экспедициясы эстафетасы басталып кетті

Шара барысында отбасылық құндылықтарды сақтауға бағытталған жұмыстар, отбасы институтын дамыту, ажырасудың алдын алу, ауылдық жерлерде тұратын дарынды балаларды анықтау мәселелері қаралды. Сонымен қатар көпбалалы және жағдайы төмен отбасыларға әлеуметтік қолдау көрсету аспектілерімен қатар, масылдық көңіл-күйді төмендету, еріктілер мен қайырымдылықты кешенді дамытудағы Аналар кеңесінің, жастардың қалыптасуындағы ұлттық тәрбиенің рөлі мен балалар мен әйелдерге қатысты тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, жас отбасындағы жиі кездесетін мәселелерді аныктап, әдістемелік нұсқаулық дайындау мәселелері жан-жақты талқыланды.

БҚО-да «Тұңғыш Президент жолымен» Халық экспедициясы эстафетасы басталып кетті

Төртінші диалогтық алаңда «ҚР Тұңғыш Президенті, Елбасы мен БҚО ҚХА этномәдени бірлестіктерінің Ассамблеяның жұмысына қосқан үлесі мен бүгінгі таңда қол жеткен нәтижелері туралы ой өрбіді.

БҚО-да «Тұңғыш Президент жолымен» Халық экспедициясы эстафетасы басталып кетті

БҚО ҚХА төрағасының орынбасары, хатшылық меңгерушісі Ғайса Қапақов бастаған топ Орал қаласы және Ақжайық ауданының этномәдени бірлестіктерінің төрағалары мен белсенді мүшелері, мемлекеттік органдар, ғылыми-сараптамалық тобының мүшелері өзге ұлт өкілдері арасында толеранттылық пен өзара сыйластық атмосферасын орнату мақсатында өңірлерде тұратын барлық этностардың тарихи, мәдени-рухани мұрасын сақтау бойынша үйірмелер, секциялар, орталықтар құру жайын сөз етті. Сондай-ақ қалалық және аудандық өңірлерде этномәдени бірлестіктер жанындағы қазақ және өз ана тілдерін оқытатын курстарды жандандыру, қоғамдық келісім мен бірлікті нығайту бойынша Ассамблея институтын және Елбасының саясатын одан әрі дамыту туралы ой бөлісті.

БҚО-да «Тұңғыш Президент жолымен» Халық экспедициясы эстафетасы басталып кетті

Ал бесінші диалогтық алаңда белсенді қоғамдық медиаторлар «Медиация және дебаттар: жанасу нүктелері» тақырыбында пікір алмасты. БҚО ҚХА «Татуласу» орталығының басшысы Алуа Ракишеваның айтуынша, азаматтар дауды келісім бойынша шеше алмайды және татуласу әдістері туралы білмейді.

Мемлекеттік және мемлекеттік емес мекемелердің шарттарында медиаторларға сотқа дейін міндетті түрде жүгіну туралы ескертпе болуы тиіс. Бүгінгі таңда медиаторлар мен адвокаттар бөлек жұмыс істейді, сотсыз дауларды шешу бойынша ортақ күш-жігер мен азаматтардың даулы мәселелерін шешу үшін бірыңғай диалог алаңы жоқ. Адвокаттар тараптардың татуласуы кезінде медиаторларға кедергі жасайды. Осы жайттар медиаторлардың талқысына салынып, ұсыныстар қабылданды.

БҚО-да «Тұңғыш Президент жолымен» Халық экспедициясы эстафетасы басталып кетті

Негізгі шаралардан соң Ақжайық ауданының мәдениет сарайында Орал қаласының өнерпаздарының мерекелік концерттік бағдарламасы өтті.

«Өзеннің бойында орналасқан, сегіз ауданмен шектескен, тоғыз жолдың торабындағы күретамыр жолымызда орналасқан Жұбан еліне ат басын бұрып келдік. Бүгін Қазақстан халқы Ассамблеясының белсенді мүшелері бастаған, қоғамдық келісім кеңесі қоштаған керемет пікірталас алаңы өтті.

БҚО-да «Тұңғыш Президент жолымен» Халық экспедициясы эстафетасы басталып кетті

Жұбан Молдағалиев барша қазаққа ортақ ақиық ақын. Келер жылы Жұбан ағамыздың 100 жылдығын тойлаймыз. Ең басты құндылығымыз – бірлік, ұлт тұтастығы. Бәріміз ұлт болып ұйысып, ел тағдырына жауап береміз. Сондықтан осындай шаралар өзгелерге үлгі болсын», – деп шараны қорытындылады Орал қаласы әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетов.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға