БҚО полиция департаменті мәлім еткендей, оқиға кеше сағат 13:00-де Самара-Шымкент жолының 444-шақырымында болды, деп хабарлайды EL.KZ.
Полиция подполковнигі Мирхат Әженовтің айтуынша, «Лада Гранта» автокөлігін айдап келе жатқан 1973 жылғы әйел рөлге ие бола алмай, аударылған. Соның салдарынан жүргізушінің өзі мен автокөлікте отырған 18 жастағы жігіт оқиға орнында қаза тапты. Олардың денелері сот-медициналық сараптамаға жіберілді.
Қазіргі кезде ҚР ҚК 345-бабы 4-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Саясат Нұрбек жастарға үндеу жасады
Келесі жаңалық
Қар, тұман жел: алдағы үш күнде ауа райы қандай болады?