Жаңалықтар

БҚО-да 8 айда 4,1 мың малдан бруцеллез анықталған

Бұдан бөлек биыл Батыс Қазақстан облысында 588 бас уақ малдан бруцеллез анықталған. 
БҚО-да 8 айда 4,1 мың малдан бруцеллез анықталған
10.09.2022 01:53 1232

Биылғы 8 айда Батыс Қазақстан облысында 3 582 бас ірі қара мен 588 бас ұсақ малдан бруцеллез анықталған. Бүгінде олардың басым бөлігі союға жіберілген, деп хабарлайды EL.KZ Ауыл шаруашылығы министрлігіне сілтеме жасап.

Биылғы 8 айда 469 245 бас ірі қара бруцеллезге серологиялық әдіспен зерттеліп, нәтижесінде 3 582 малдан ауру анықталды. Бүгінгі күні 3 338 бас ірі қара санитарлық союға жіберілді. Қалған 244 бас 15 күн ішінде санитарлық союға жіберіледі, - делінген ведомство жариялаған хабарламада.

Бұдан бөлек биыл Батыс Қазақстан облысында 588 бас уақ малдан бруцеллез анықталған. Министрлік ақпаратына сай, қазіргі уақытты 516 бас мал санитарлық союға жіберілген. Ал 344 қой мен ешкі 15 күн ішінде сойылады.

Өткен жылдың сәйкес кезеңінде бруцеллез ауруына 603 125 бас ірі қара тексеріліп, оның ішінде 5 144 малдан сарып анықталды. Осыған қоса, 1 147 818 бас ұсақ мал бруцеллезге зерттеліп, нәтижесінде 1 393 бас мал санитариялық союға жіберілді. Биыл Батыс Қазақстан облысында бруцеллез жұқтыру деңгейі өткен жылмен салыстырғанда төмендеді, - деп мәлім етті Ауыл шаруашылығы министрлігінен.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға