Жаңалықтар

Бұл фестиваль бұрынғылардан өзгерек

Қазақ киносы
23.08.2016 12:30 2294

Биыл XII «Еуразия» халықаралық кинофестивалі  24-30 қыркүйек аралығында өтеді.

Бұл фестиваль бұрынғылардан өзгерек

Ұйымдастырушылар бұдан былай шараны демократиялық форматта өткізіп, халыққа барынша жақындатуды көздеп отыр. Он екінші фестивальдің негізгі тақырыбы махаббатқа арналады. Тұрғындардың сүйікті қаласына деген махаббаты кино  өнеріне деген сүйіспеншілігімен өріліп, фестиваль фильмдері кинозалдар, көшелер мен саябақтарда көрсетіледі.

Бұл күндері Алматыда 15-тен астам кафе, саябақ және ашық алаңдар тегін жұмыс істейді. Шараның негізгі бағдарламасы «Esentai» кинотеатрында көрсетіледі. Бағдарлама «Қалаға деген сүйіспеншілік» (қоғамдық орындарда кинокөрсетілімдер өтеді), «Киноға деген сүйіспеншілік» (негізгі байқау бағдарламасы) және «Мамандыққа деген сүйіспеншілік» (байқаудан тыс бағдарлама) сияқты үш бөлімнен тұрады.

Фестиваль аясында әлемнің түкпір-түкпірінен келген 80-нен астам фильм көрсетілмекші. Биыл алғаш рет қысқаметражды фильмдер байқауы да өткізіледі. Сонымен қатар, биылғы «Еуразияда» әртүрлі жанрдағы араб картиналары көрермен назарына ұсынылмақшы.

Жеңімпаздарға байқаудың негізгі марапаттарынан бөлек,  «НЕТПАК» және «ФИПРЕССИ» жүлделері беріледі. Сондай-ақ, қазақстандық және ортаазиялық үздік кинотуындыларды ынталандыру және көпшілікке таныстыру мақсатында биыл құрылған Ұлттық кинематография өнері мен ғылымдар академиясының «Тұлпар» жүлдесі тапсырылады.


 Сурет: almatymadeniet.kz

 

 

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға