Жаңалықтар

Бұл қадамды – жақсылықтан үміт күту деп түсінемін

Пікір
22.01.2016 10:10 3464

Бұл қадамды – жақсылықтан үміт күту деп түсінемін

Намазалы ОМАШЕВ, филология ғылымдарының докторы, профессор, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ жанындағы Журналистика мәселелерін зерттеу институтының директоры:

Бүгінгі экономикалық дағдарыс, теңгенің құлдырауына байланысты Парламентті таратып, қайта сайлау керек деген сан-алуан пікірлер айтылып жатыр. Осы қиыншылықты тудырып, теңгені құнсыздандырып отырған жалғыз Парламент емес қой. Бұған жауап беретін атқарушы органдар екенін естен шығармаған жөн. Бұл мәселеге ең әуелі Министрлер кабинетінен бастап сондағы жауапты мамандар алаңдауы тиіс емес пе? Бірақ оны көпшілік жұрт айтпайды. Әңгіме тек депуттарға ғана бағытталады.

Шындығында қазір алмағайып заман. Жалпы әлем елдеріндегі саяси жағдайды айтайық, мәселен Ресей мен Түркияның арасындағы жағдай  болмаса Иран мен Сауд Арабиясы қарым-қатынасы немесе дүниежүзіндегі экономикалық қаржылық жағдайдың құлдырауы. Міне, осы жәйіттерді  ескеріп,  оның қызған шағында емес, қайта соған ертерек қамданып, қолға алуы, яғни жарты жылға қарамай-ақ қазіргі Парламентті осы жағдайға лайықтап қайта жасақтау керек немесе осы мәселеге араласатын білікті мамандарды, жанашырларды тарту арқылы Парламентті жаңарту керек дегенді мен қолдаймын. Себебі, бесінші шақырылымның депутаттары қаншалықты жұмыс жасап жатқанын ел-жұрт біледі, бағалайды. Бұл қадамды – жақсылықтан үміт күту деп түсінемін. Сол себепті Парламентке тимей қоя салу керек деген пікірге қосылмаймын мұны да жаңарту керек. Ал, депутаттар қабылдаған заңды атқарушы органдар дұрыс атқарып отыр ма? Егер дұрыс атқарып отырса жүздеп қиылған ленталар, ашылған зауыттардың жемісі қайда? Соның жемісі болатын болса қазір осындай экономикалық қиыншылықтарға душар болмас едік қой. Бұл мәселені Елбасының өзі де айтып жатыр. Бұл сондай үлкен қиындықтармен күресу үшін әрі Президент жасап берген әртүрлі бағдарламаларды жүзеге асыру үшін істеліп жатқан шаралардың басы ғана деп ойлаймын. Парламенттен бастап атқарушы органдар, министрлер, әкімдер осы талап-тілекке лайықталып, қайтадан жасақталатын шығар деген үмітпен қолдаймын.  


Пікірді жазып алған Бақытгүл АБАЙҚЫЗЫ

Суретті түсірген Арман ҚАЛИБЕКҰЛЫ

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға