Жаңалықтар

БҰЛ КҮНІ - 15 МАМЫР

БҰЛ КҮНІ - 15 МАМЫР
15.05.2019 09:00 5180

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының қайраткерлік қызметінің жылнамасы. 

2006 ж.: Мемлекет басшысы «Р.Т.Ыбыраевты Қазақстан Республикасының Венгрия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне тағайындау туралы» №115 Жарлығына қол қойды.

*****

15-18 мамыр Мемлекет басшысы қысқа мерзімдік демалыста болды.

 

2007 ж.: Мемлекет басшысы «Нұр Отан» Халықтық-демократиялық партиясы парламенттік фракциясының және Саяси кеңесі бюросының мүшелерімен, облыстардың және Астана мен Алматы қалаларының әкімдерімен кездесті.

Кездесу барысында конституциялық реформалардың негізгі қағидалары талқыланды. Н.Ә.Назарбаев Конституцияға ұсынылған өзгерістер мен түзетулерде Демократиялық реформалар бағдарламасын әзірлеу және нақтылау жөніндегі мемлекеттік комиссия ұсыныстарының 80% қабылданғанын атап өтті. 

*****

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі» №251-ІІІ, «Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін қолданысқа енгізу туралы» №252-ІІІ, «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне еңбектi реттеу мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» №253-ІІІ заңдарына қол қойды.

Президент сондай-ақ «О.Әбдікәрімов туралы» №328, «Қ.Б.Саудабаевты Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк хатшысы қызметiне тағайындау туралы» №329 жарлықтарына қол қойды.

 

2008 ж.: Мемлекет басшысы «Нұр Отан» Халықтық-демократиялық партиясының жаңа кеңсесін аралап көрді. Партия кеңсесінің ғимараты Астана қаласындағы «Сулы-жасыл желекті бульварда» әкімшілік-тұрғын үй кешенінде орналасқан.

*****

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің 2007 жылғы есебін бекіту туралы» №589, «Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы шеңберінде әскери-экономикалық ынтымақтастық барысында алынған және пайдаланылатын зияткерлік қызмет нәтижелеріне құқықтарды өзара қорғау туралы келісімді бекіту туралы» №590, «Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 13 cәуірдегі №314 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы» №591, «Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше мемлекеттер арасындағы әскери-экономикалық ынтымақтастық саласындағы жарнама-көрме қызметі аясындағы өзара іс-қимыл туралы келісімді бекіту туралы» №592, «Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» №593 жарлықтарына қол қойды.

 

2009 ж.: Мемлекет басшысы, «Нұр Отан» Халықтық-демократиялық партиясының төрағасы ретінде партияның кезектен тыс XII съезіне қатысты.

Съезде партияның 2009-2012 жылдарға арналған даму стратегиясы қабылданды, қоғам өміріндегі аса маңызды мәселелерді шешу, оның ішінде әсіресе дағдарысқа қарсы шараларды жүзеге асыру жөніндегі партия жұмысының басым бағыттары айқындалды.

Президент өзінің «Қазақстанның индустриялық-технологиялық дамуы - біздің ортақ болашағымыз үшін» атты баяндамасында дағдарыстан кейінгі кезеңде Қазақстанның индустриялық-технологиялық даму бағыттарын атап көрсете отырып, оларды іске асырудағы «Нұр Отан» партиясының міндеттеріне тоқталды.

«Партия үшін қазіргі электоратаралық кезең бұрын-соңды болмаған әлемдік қаржы дағдарысымен сәйкес келді. Бізге әзірленген даму бағдарламасынан уақытша бас тарта тұрып, қиындықтарды еңсеруге барлық күшті жұмылдыруға тура келді. Сондықтан да партияның ХІІ съезі күрделі уақытта өтіп отыр.

Күн тәртібінің негізгі мәселесі - «Нұр Отан» партиясының әлемдік дағдарыс салдарын еңсерудегі және Қазақстанды жаңартудағы рөлі», - деді қорытынды сөзінде Н.Ә.Назарбаев. 

 

2012 ж.: Мемлекет басшысы Ресей Федерациясының астанасы Мәскеу қаласында өткен ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің мерейтойлық сессиясына қатысты.

Сессия Ұжымдық қауіпсіздік туралы шартқа қол қойылудың 20 жылдығына және Ұйымның құрылуының 10 жылдығына арналды.

Сессия барысында Қазақстан, Ресей, Армения, Беларусь, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан басшылары өзекті әлемдік проблемаларды талқылады, осы заманғы жаһандық және өңірлік сын-қатерлер мен қауіптерге қарсы әрекет ету жөніндегі бірлескен қадамдарды анықтады.

Саммит қорытындысы бойынша Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше мемлекеттер басшыларының декларациясы қабылданды. 

*****

Мемлекет басшысы сыртқы істер, қорғаныс министрлері және қауіпсіздік кеңестерінің хатшылары қатысқан кеңейтілген құрамдағы ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің сессиясына қатысты.

Сессия барысында Ауғанстан аумағынан төніп тұрған қауіп пен қауіпсіздіктің сын-қатерлеріне қарсы іс-қимыл мәселелері, Таяу Шығыс пен Солтүстік Африкадағы, оның ішінде Сириядағы жағдай, сондай-ақ ирандық ядролық бағдарлама мәселелері талқыланды.

Ұйымның 10 жыл ішіндегі жұмысының қорытындысын жасай отырып, тараптар қауіпсіздікті қамтамасыз етудің әртүрлі салаларындағы ынтымақтастықты үйлестіру жөніндегі мемлекетаралық органдардың құрылуы және қызмет етуімен, қатысушы елдерге қарсы бағытталған сын-қатерлер мен қауіптерге шұғыл түрде әрекет ете алатын ұжымдық қауіпсіздік күштерін құрумен байқалған оның қызметінің қомақты нәтижелерін атап айтты.

Сессияның мерейтойлық сипатын ескере отырып, келіссөздердің қорытындысы бойынша бірқатар шешімдерге, оның ішінде, «ҰҚШҰ Құрмет белгісін тағайындау туралы» және «Ұжымдық қауіпсіздік туралы шартқа қол қойылудың 20 жылдығына орай ҰҚК Құрмет грамотасымен марапаттау туралы» шешіміне қол қойылды.

*****

Мемлекет басшысы ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесі сессиясының жұмысы аясында Ресей Федерациясының Президенті В.В.Путинмен екіжақты кездесу өткізді. 

*****

Түстен кейін Мемлекет басшысы ТМД-ға мүше мемлекеттер басшыларының бейресми кездесуіне қатысты.

Отырыс барысында мемлекет басшылары Достастықтың қызметі мен дамуының өзекті мәселелері бойынша пікір алмасты, сондай-ақ ТМД аясындағы көпжоспарлы ынтымақтастықты одан әрі кеңейту перспективаларын талқылады. Достастық кеңістігіндегі экономикалық ықпалдастық үдерістерін тереңдетуге баса назар аударылды.

 

2014 ж.: Мемлекет басшысы Оңтүстік Қазақстан облысында жұмыс сапарымен болып, оның барысында Сарыағаш ауданындағы «Био Семена» ЖШС-на барды.

Президент көкөністер тұқымын және көшені безендіруге арналған ағаш көшеттерін өсіретін кәсіпорынның жұмысымен танысты, облыстағы ауыл шаруашылығының жай-күйі мен даму келешегі туралы апаратты тыңдады және ауылшаруашылық тауарларын өндірушілермен және аудан жұртшылығының өкілдерімен кездесті.

*****

Түстен кейін Мемлекет басшысы Шымкент қаласына барып, онда «Бал Текстиль» ЖШС кілем және кілем бұйым шығаратын фабрикасында болды. Президент кәсіпорынның мата және тігін желілерінің өндірістік қуатын қарап шығып, «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағының аумағындағы жобалардың іске асырылу барысы туралы есепті тыңдады және фабрика ұжымымен кездесті.

Содан кейін Н.Ә.Назарбаев облыс орталығындағы №3 емханада болды. Медициналық мекемені қарау барысында Елбасына Оңтүстік Қазақстан облысы денсаулық сақтау саласының басты даму көрсеткіштері туралы баяндама ұсынылды.

Күн соңында Мемлекет басшысы «Көрме орталығы» орталығында жайылған Оңтүстік Қазақстан облысы кәсіпорындарының өңірлік тауарлар көрмесін аралап көріп, онда Шымкент қаласының жаңа әкімшілік орталығының жобасымен танысты және облыс кәсіпкерлерімен кездесу өткізді. 

 

2017 ж.: Мемлекет басшысы «Бір белдеу, бір жол» Халықаралық ынтымақтастық форумына қатысты.

Форум аясында өткен «Тығыз ынтымақтастыққа арналған саяси бірлескен қызмет» атты «дөңгелек үстел» жиынына қатысушылар алдында сөз сөйлеген Қазақстан Президенті Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпиннің Еуразияда ежелгі Ұлы жібек жолын жаңа, заманауи форматта қайта жандандыру идеясы әлемде белең алып келе жатқан саяси, экономикалық және гуманитарлық дағдарыстарға уақытылы берілген жауап екенін атап өтті.

Н.Ә.Назарбаев Еуразиялық экономикалық одақтың осы процестегі маңызды рөліне тоқталды. «Үлкен Еуразияның» біртұтас экономикалық кеңістігін құру идеясы жаңа мәнге ие болуда. Жібек жолының экономикалық белдеуі ШЫҰ, ЕАЭО және Еуропалық одақ платформаларын өркендеудің біртұтас өңірлік аумағына ұтымды түрде тоғыстыра алады», -  деді Мемлекет басшысы.

Соңында Мемлекет басшысы «Бір белдеу, бір жол» идеясын ойдағыдай іске асыру үшін мүдделі елдер арасында өзара сенімнің орнығуы, олардың тең құқықтылыққа және жан-жақты ынтымақтастыққа дайын болуы маңызды екенін атап өтті. 

*****

Мемлекет басшысы «Бір белдеу, бір жол» Халықаралық ынтымақтастық форумының «Өзара байланысты ынтымақтастық жолындағы іс-қимыл» тақырыбындағы сессиясына қатысты.

Н.Ә.Назарбаев сөйлеген сөзінде Қазақстанның құрлық елдері арасындағы тату көршілік қатынастарды нығайтуды белсенді түрде жақтайтынын және Қытайдың трансөңірлік кооперацияны дамыту жөніндегі талпынысын қолдайтынын атап өтті.

Қазақстан Президенті бүгінгі таңда «Нұрлы жол» және Жібек жолы экономикалық белдеуі бағдарламаларын ұштастыру жоспары аясында Қазақстан мен Қытайдың индустрияландыру саласындағы ынтымақтастығын үйлестіру ісі басталып кеткенін айтты.

Өз кезегінде Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпин Н.Ә.Назарбаевтың сөйлеген сөзін жоғары бағалап, Қазақстанды трансқұрлық транзиттік тасымалдаудың «чемпионы» деп атады.

 

Дереккөз: Akorda.kz

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға