Жаңалықтар

БҮКІЛ ОРТА АЗИЯНЫҢ ТҮРІКТЕНУІ

БҮКІЛ ОРТА АЗИЯНЫҢ ТҮРІКТЕНУІ
23.08.2014 13:05 2279

Əрине, Ұлы Даланың кіндігінде - Каспий теңізінен Тəңіртауға шейінгі жалпақ даланың о не бұ тұстарында түрік тілді емес этностар да кезігетін. Тіпті бірқыдыру ғалымдардың қарасына сенсек, Орта Азияның оңтүстігіндегілердің көбі үнді-еуропа тілділер еді. Ал, Каспий жақтағы аландар ішіндегі ішінара тайпа, Сырдың сол жағындағы ежелгі бактриялықтар, сондайға жататын. Мұндайда, Сыма Чянның “Ферғанадан батысқа қарайғы, Парфия (Арсак) еліне шейінгілердің тілдерінде айырмашылық болғанымен салттары негізінен ұқсайды, бірінің тілін бірі ұға береді”  деуі де еске аларлық. “Тілдерінде айырмашылық бар” дегеннен бұл Парфия жақта да үнді-еуропа жүйесінен өзге(мысалы түрік) тілділер де бар дегендік шығады, əрине. Ол заманда тілдер тым дамып, бүгінгідей зор айырмашылыққа ие бола қоймағандықтан, бірін бірі ұға беретін болар.

Кей ғалымдар Аму мен Сыр жаққа барған “Ұлыжүз сықылды ғұндар түріктер болған күнде де, олардың орта Азияны түріктестіргені туралы айғақтар жоқ. Сондықтан, Орта Азияның түріктенуін, Қытай жылнамаларындағы Түріктердің бас көтеруінен бастап қана айта аламын” деп қиналады. Əрине Ұлыжүздің билеуге күші жеткенімен, оларды түріктестіруге шамасы келмеген болар. Бірақ олар бұл сөзі арқылы айтылған өңір халқының содан кейін түгел түріктенгенін мойындап та тұр. Одан бұрын мұндағы Ұлыжүз сықылдылар түрік тілді емес-ті, бұл жақта түрік тілділер жоқ еді де дей алмайды. Түрік қағанаты шаңырақ көтеріп, күшейген, сол барыста шығыстағы түріктер (көк түріктер) де Орта Азияға қарай көшкен кезде, “Көшіп келген түріктер бейбіт жолмен келген жəне олардың тілі мен ұлттық ерекшеліктері қысқа ғана уақыт ішінде бүкіл регионды басып алды да, мүлде түріктестіріп жіберді”. Міне бұл да – одан бұрын бұл регионда тұрғын түріктер болмаса “бейбіт жол” мен “қысқа уақыт” дегеннің жазылмайтыны да мықтап ойласарлық жайт.

Бұл арада, ең алдымен, олардың (нақтырық айтқанда, түрік тілділер мениран тілділердің) арғы замандық ең баста тілдері тым парықты болмаған, балаң тілді кезін елестеткен дұрыс. Сосын, берірек келе, түрік-иран халықтары араұзақ уақыт жəне өте жиі жалғасқан мəдени, т. б. жақтардағы байланысты жете білген, əсіресе екі жақты да - түріктердің иран тілділерге, ал иран тілділердің түрік тілділерге ұзақ уақыт бойы өткен ықпалын, олардың бір-біріне сіңіскенін неғұрлым толық білген жөн. Сонда мұндай адамға талай мəселе түп-түсінікті болмақ.

 Сұлтан Жанболат, "Ежелгі ұлыс тарихы"

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға