Жаңалықтар

Бүкіл әлем бейбітшілікке мұқтаж – Шейх Ахмад ат-Тайеб

Біз адамзат өркениетініңі дамуына ешқашан балта шаппау керектігін естен шығармайық
Бүкіл әлем бейбітшілікке мұқтаж – Шейх Ахмад ат-Тайеб
Фото: ҚР Президентінің баспасөз қызметі 14.09.2022 13:22 2791

Бұл туралы діндер диалогында сөз алған Әл-Азһар Ислам университетінің Жоғарғы имамы Шейх Ахмад ат-Тайеб айтты, деп хабарлайды Еl.kz.

«Ізігілікке, жақсы мінез құлыққа тәрбиелеу адамдардың жанынан-жүрегіне ізгілік орната білу біздің негізгі бастама болу керек. Осыған кедергі келтіретін көптеген жайттар бар. Діни бауырластық – негізгі алғышарттың бірі. Рухнаи науқастарды дін арқылы емдеуге тиістіміз. Қауіп-қатер дінге деген сенімсіздіктен туып отыр. Адам мен адам арасындағы құндылықты насихаттау басты назарда болуы қажет», - деді ол.

Сондай-ақ имам дінді мазаққа айналдырғандардың көптігін, осы тұрғыда әлем діни қызметкерлерінің арасында бейбітшілік орнауы керектігін, діндерді бір арнаға тоғыстыру қажет екенін сөз етті.

Оның айтуынша, ақылды адам жаманшылыққа шақырмайды. Тамырымызға балта шабатын дүниелерден бойымызды алшақ ұстауымыз керек деп есептейді.

«Алланың белгілеп бергеніндей бейбітшілік жағында жүруіміз қажет. Қоғамдық діни қайраткерлердің арасында осы түсінікті насихаттау, адамгершілік, ізгілік тұрғысынан қасиетті құндылықтарды ұмытпауымыз керек. Бүкіл әлем бейбітшілікке мұқтаж. Науқас дәріге қалай мұқтаж болса, бізде бейбітшілікке солай мұқтажбыз», - деді Әл-Азһар Ислам университетінің Жоғарғы имамы Шейх Ахмад ат-Тайеб.

Сонымен қатар, Жоғарғы имам осы форумда ірі діни лидерлер мен экономистерге арнайы діни символдардың кездесуін ұйымдастыруды ұсынды.


Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға