Жаңалықтар

Бүгінгі таңда біз 500-ге дейін киікті зерттеу үшін аламыз – Серікқали Брекешев

Бұл туралы Экология, геология және табиғи ресрустар министрі мәлімдеді
Бүгінгі таңда біз 500-ге дейін киікті зерттеу үшін аламыз – Серікқали Брекешев
Фото: inform.kz 29.06.2022 12:54 1899

Экология, геология және табиғи ресрустар министрі Серікқали Брекешев Жайық популяциясына жататын 80 мың бас киікті ату туралы шешім қабылданғанын мәлім етті, – деп хабарлайды El.kz порталы ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

– Биологиялық негіздеме аяқталды. Ғалымдар киік санын реттеудің қажеттілігі бар дегенді айтып отыр. Бұл Жайық популяциясына қатысты болады. Қазір бұл популяцияның саны 800 мың бастан асады десек, соның 10 пайызы, яғни 80 мың бас киік реттеуге жатады, – деді министр Мәжілістің пленарлық отырысынан кейін БАҚ өкілдерінің сауалына берген жауабында.

Журналистерге берген жауабында Серікқали Брекешев «киік санын реттеу» деп негізінен оларды ату туралы айтылғанын нақтылады.

Сондай-ақ, ол киік санын реттеу шаралары популяциялардың санын шектеп ұстау дегенді білдірмейтінін ескертті.

– Оның ішінде кейбір популяциялардың санын көбейту де көзделген. Реттеу деген киік санын ұстап тұру екенін қайталап айтамын. Реттеу дегеннен кейін белгілі бір нормалар бар екені түсінікті. Бұл қажетті шара. Ауыл шаруашылығы жануарларымен қайшылықтар болмау үшін осылай істеу керек. Бүгінгі таңда Батыс Қазақстан облысында киіктер жайылымдарға ғана емес, егін алқаптарына да кіріп жатыр. Сондықтан бір жағынан проблема да бар. Тіпті биологиялық негіздеме бойынша киіктердің оңтайлы саны емін-еркін тірлік кеше алатын көлемге жетуі керек. Осы негіздемелердің аясында реттеу жүргізіледі. Бүгінгі таңда біз 500-ге дейін киікті зерттеу үшін аламыз, – деді ведомство басшысы.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға