Жаңалықтар

Бүгінгі күннің валюта бағамы

Ұлттық банктің 7 қыркүйектегі ресми бағамы – 1 долларға 472, 47 теңге
Бүгінгі күннің валюта бағамы
07.09.2022 11:19 1134

Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 472- 478 теңгеден саудаланып жатыр, деп хабарлайды El.kz.

Kurs.kz деректері бойынша, Нұр-Сұлтандағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 473 – 477 теңгеден сатылып жатыр.

Ал Алматыда доллар бағамы 472 – 478 теңге аралығында құбылып тұр.

6 қыркүйек кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 0, 01 теңгеге төмендеп, 472, 51 теңге болған.

Ұлттық банктің 7 қыркүйектегі ресми бағамы – 1 долларға 472, 47 теңге.

Дәл қазіргі уақытта Алматыдағы ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 7,25 – 7,65 теңге аралығында саудаланып жатыр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға