Жаңалықтар

Бүгінгі күн ТАРИХТА: ЕКІ ЖЫЛ БҰРЫН ПРЕЗИДЕНТ ҮШ ЭТНОМӘДЕНИ ТЕАТРҒА АКАДЕМИЯЛЫҚ МӘРТЕБЕСІН БЕРДІ

Бүгінгі күн ТАРИХТА: ЕКІ ЖЫЛ БҰРЫН ПРЕЗИДЕНТ ҮШ ЭТНОМӘДЕНИ ТЕАТРҒА АКАДЕМИЯЛЫҚ МӘРТЕБЕСІН БЕРДІ
09.12.2018 09:23 2100

Екі жыл бұрын осы күні үш ұлттық театр - ұйғыр, неміс және кәріс - академиялық мәртебе алды. Бұл шешім туралы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев 2016 жылы 9 желтоқсанда Қазақстан халқы Ассамблеясының этномәдени бірлестіктерінің «Бейбітшілік пен келісімге 25 жыл» фестивалінде жариялады.

«Мемлекет барлық этномәдени бірлестіктерді үнемі қолдап отырады, балаларға арналған мектептерді қаржыландырады, ана тіліне үйретеді. Біздің газеттер мен журналдар он бес тілде, театрлар жеті тілде сөйлейді. Басқа елде жоқ дүние, Қазақстанда нағыз ақиқат. Бүгін осы фестивальде мен өз шешімімді үш ұлттық театрға – кәріс, неміс, ұйғыр театрына – елдің академиялық театрларының мәртебесін беру туралы жариялаймын. Ұжымдарды осы тамаша оқиғамен құттықтаймын. Үлкен шығармашылық табыстар тілеймін», – деген еді Президент.

Мемлекет басшысы «бұл біздің еліміздің барлық театр өнерін дамытуда жаңа кезеңге қадам басады» деп мәлімдеді. Сол кезде форумға еліміздің барлық өңірлерінен этномәдени бірлестіктердің өкілдері келген-ді.

«Бүкіл ел бойынша осындай 1332 орталық жұмыс істейді. Осының барлығы-Қазақстан барлық азаматтары үшін туған Отаны болып табылатындығының шынайы дәлелі. Қазақстандықтар біздің Отанымыздың тағдырына бір отбасындай еңбегін сіңіріп, жанын салып жүр. Бұл ретте Қазақстан халқы Ассамблеясының рөлі мен жетістігі зор. Осы жылдар ішінде ҚХА әр түрлі этностар мен діндердің өкілдерін бір-бірімен жақындастырып, әр мәдениетте бар жақсылықты көрсетті. Біз бір - бірімізге жақын болып, бір үйде, бір елде тұратын халыққа айналдық», – деп мәлімдеді форумда Президент.

«Бүгін, – деп жалғастырды ол, – этномәдени форумға жиырма жылдан астам уақыт бұрын Қазақстан халқы Ассамблеясын алғаш рет құрған достарымның балалары қатысып отыр. Бұл ұрпақ сабақтастығының үлгісі, мен мұнда отырған жастарға құрметімді білдірімен. Біз 25 жыл бойы жасаған барлық жақсылық сіздердің және балаларыңыздың жақсы өмір сүруі үшін жасалды, бұл біздің қызметіміздің мәні».

Естеріңізге сала кетейік, барлық үш театр Алматыда орнасласқан.

Мемлекеттік Республикалық кәріс музыкалық комедия театры Қиыр Шығыста 1931 жылы құрылып, кейіннен Қызылордаға, одан соң Алматыға көшіп келді.

Мемлекеттік Республикалық ұйғыр музыкалық комедия театры 1920 жылдары Алматы облысында құрылған, 1961 жылдан бастап Алматыда жұмыс істейді.

Республикалық неміс драма театры Алматыда 1975 жылы құрылды.

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға