Бүгін бірінші Армиялық халықаралық ойындар басталды
Бүгін Мәскеу облысының «Алабино» полигонында бірінші Армиялық халықаралық ойындар - 2015 басталды. Байрақты бәсекеде Қазақстанның Қарулы Күштерінің командасы да бақтарын сынайы.
Халықаралық жарыс «Алабино» полигонында салтанатты жағдайда ашылды. Көрермендер ашылу салтанатында көне Грекияның тарихын көріп, «Батырлық даңқ» парақтарын еске түсірді. «Танк балеті» бірегей шоуы мен ресей армиясы жауынгерлік техникасының парадтық шеруін тамашалап, «Ресей сайыпқырандары» жоғары пилотажды топтарының аспан төріндегі өнеріне куә болды. Рәсім соңында Халықаралық армия ойындары – 2015 жарыстарына қатысушы командалар сап түзеді.
Байрақты бәсекеге 17 мемлекеттің Қарулы Күштері жиналды. Екі апта ішінде тамыздың 1-і мен 15-і аралығында 57 команда құрамында олар далалық, әуе және теңіз дағдысында мықты деген атаққа бақ сынасатын болады. Ойын барысын Еуропа, Азия, Африка және Латын Американың алты елінен тәуелсіз бақылаушылардың 20 тобы қадағалайды.
Қазақстанның Қарулы Күштерінің намысын халықаралық жарыста әскердің үш түрінен құралған 200-ден астам әскери қызметші қорғайтын болады. Олар «Танк биатлонында», «Авиадартс» және «Каспий теңізінде» (теңіз биатлонында) өнер көрсетеді.
«Танк биатлоны» біздің команда үшін тың жаңалық емес. Әр жыл сайын даңыл жол кеңейіп, күрделі болып келеді. Өткен жылы танк биатлонында қазақстандық команда екінші орын иеленді. Осы жылы да жүлделі орынға үміттіміз. Бір жыл бойы қызу дайындалдық. «Авиадартсты» айтатын болсақ, оған бірінші рет қатысып отырмыз. Біздің мықты экипаждар көрсетеді, жақсы нәтижелерге дәмеліміз», – деді ашылу рәсімінде ҚР Қорғаныс министрі Иманғали Тасмағамбетов.
Қатысушылардың саны жағынан армиялық ойындардың ең ірі жарысы «Танк биатлоны» болады. «Алабино» полигонында қазақстандық танкішілерге Ресей, Қытай, Үндістан, Ангола, Венесуэла, Кувейт, Монғолия, Никарагуа, Армения, Сербия, Тәжікстан және Қырғызстанның танкті экипаждарымен сайысуға тура келеді.
Бұл уақытта Рязань облысының «Дубровичи» полигонында «Авиадартс» байқауы басталады. Қазақстан Әскери әуе күштерінің ұшқыштары МиГ-29, Су-25, Су-27 және Ми-8-де ұшақтар және тікұшақтармен өздерінің ұшу шеберліктерін көрсетіп, Ресей, Беларусь және Қытайдың ұшу экипаждарымен «аспан қожайындары» атағына күресетін болады.
Ал Каспийдің ресей су айдындарында бұл сәтте теңізшілеріміз «Сарыарқа» және «Орал» зымыран-артиллериялық корабльдерінде және «Батыс» Өңірлік Қолбасшылығы теңіз жаяу әскерлерінің бригадасы теңіз биатлонында шеберлік үшін сайысады.
Ережеге сәйкес бірінші Армиялық халықаралық ойындары – 2015 жеңімпаздары әр байқаудың қорытындысы, сондай-ақ жалпы командалық сынақта айқындалады. Марапаттау үшін 480 жиынтық медаль мен 14 кубок дайындалды.
Ойындардағы ортақ жеңіске жеткен командаға Армиялық халықаралық ойындарының бас кубогы табысталады.
Әзірлеген Бақытгүл АБАЙҚЫЗЫ