Жаңалықтар

Бүгін Қорғаныс министрлігінде бір минут үнсіздік жарияланды

Бүгін – ұлттық аза тұту күні
09.06.2016 05:16 4367

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінде лаңкестіктен қаза болғандарды еске алу үшін бір минут үнсіздік жарияланды.

 Бүгін Қорғаныс министрлігінде бір минут үнсіздік жарияланды

Бүгін, 9 маусым күні Қазақстанда Ақтөбе қаласында болған террористік актінің салдарынан құрбан болғандарға арнап ұлттық қаралы күн болып жарияланды. Елбасы – ҚР ҚК Жоғарғы Бас Қолбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ақтөбедегі лаңкестіктен қаза болғандар үшін ұлттық қаралы күн жариялады.

Бүгін Қорғаныс министрлігінде бір минут үнсіздік жарияланды 

Бүгін таңсәріден ҚР Қорғаныс министрлігі Орталық аппаратының ғимаратында көк ту төмен түсірілді. Қорғаныс министрі Иманғали Тасмағамбетов бастаған ҚР Қарулы Күштеріндегі әскери қызметшілердің жұмыс күні бейбіт адамдардың, Ұлттық ұлан мен Ұлттық қауіпсіздік комитетінен қаза болған қызметкерлердің құрметіне бір минут үнсіз тұрумен басталды.

Бүгін Қорғаныс министрлігінде бір минут үнсіздік жарияланды

Одан басқа, ҚР Қорғаныс министрлігінің барлық бөлімшелері мен ҚР Қарулы Күштерінің әскери бөлімдерінде мерт болғандардың құрметіне бір минут үнсіздік жарияланды. Сондай-ақ ҚР Қорғаныс министрі Иманғали Тасмағамбетов қаза болғандардың отбасының қайғыларына ортақтасып, көңіл айтылған жеделхат жолдады.

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға