Бүгін Қазақстан футболшылары Беларусь құрамасымен кездеседі
Бүгін Қазақстан футболдан Ұлттар лигасы аясында кезекті ойынын өткізеді. Футболшыларымыз сырт алаңда Беларусь құрамасымен сайысқа түспек, деп хабарлайды El.kz Vesti.kz-ке сілтеме жасап.
Фото: Vesti.kz
Фото: Vesti.kz
10.06.2022 19:07
7709
Матч Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 00:45-те басталады. С дивизионының үшінші тобындағы ойын Сербияның Нови-Сад қаласында өтеді. Матч Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 00:45-те басталады.
Мұның алдындағы ойындарда Қазақстан құрамасы Әзірбайжан (2:0) және Словакия (1:0) командаларынан басым түскен болатын, ал Беларусь өз кезегінде Словакиядан 0:1 есебімен ұтылып, Әзірбайжанмен тең түсті (0:0).
Айта кету керек, 13 маусымға Қазақстан - Словакия, Әзірбайжан - Беларусь ойындары белгіленген. Ұлттық құраманың Словакиямен ойыны «Астана Арена» стадионында жергілікті уақытпен сағат 20:00-де басталады.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
ТМД Экономикалық кеңесінде маңызды құжаттарға қол қойылды
Келесі жаңалық
Бірлік фестивалі түрлі ұлт өкілдері балаларының басын қосты