Жаңалықтар

Бүгін - Арапа күні

Арапа араб тіліндегі білу, түсіну деген мағынаға саятын «ъарафа» етістігінен шыққан.
Бүгін - Арапа күні
08.07.2022 08:17 4301

Бүгін, 8-шілде - Арапа күні. Арапа күні - Құрбан айттың алдындағы күн және күндердің ең қадірлісі, деп хабарлайды El.kz.

Сол күні жасалған ізгі амалдардың сауабы бірнеше еселеніп беріледі. Бұл күні қажылық парызын өтеуге барған кісілер түс ауғаннан кейін ертеңгі (Айт күні) таң намазына дейінгі аралықта Арафат тауына бір мезет тұрақтайды. 

Арапа араб тіліндегі білу, түсіну деген мағынаға саятын «ъарафа» етістігінен шыққан. Бұл күннің «арапа» деп аталуының себебі, зүл-хижжа айының сегізі күні Ибраһим пайғамбар түсінде құрбандыққа баласын Исмайылды шалу жайында түс көреді. Алғашқыда көрген түсін «жай түс пе әлде аян ба» деп ойлаған Ол ертесіне (айдың тоғызына) тағы көреді. Осыдан кейін оның Алладан келген аян екенін біледі. Осы себепті бұл күнді «арафа (арапа)» деп атап кеткен деседі. 

Арафа күні қажылыққа бармаған кісінің ораза ұстап, нәпіл намаздар оқып, Алладан дұға тілеуі сауапты. Өйткені Сахих Муслимде риуаят етілген бір хадисте ардақты Пайғамбарымыз (с.а.у): «...Арапа күнгі ораза үшін өткен жылғы және келер жылғы (екі жылдық кіші) күнәларын кешіруді Алладан үмітпен тілеймін...» - деп бұл күнгі оразаның маңыздылғын айтқан.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға