Жаңалықтар

Бүгін Түркия Республикасының 95 жылдығы атап өтілуде

Бүгін Түркия Республикасының 95 жылдығы атап өтілуде
29.10.2018 10:31 2109

1923 жылы Түрік Республикасының Конституциясына түзетулер енгізіліп, нәтижесінде Осман империясы ыдырап, Түркия республика деген мәртебе алды.

Республика күні жыл сайын бүкіл Түркия аумағында тойланады. Мерекелік іс-шаралар әдетте 28 қазанда күннің екінші жартысында басталады. Мереке күні барлық жерде тулар ілініп, үкіметтік мекемелерде, оқу орындары мен мектептерде демалыс жарияланады.

Мұстафа Кемал Ататүрік кесенесінің салтанат алаңында әскери байқаулар өткізіледі. Барлық партиялар осы күні Түркия елінің өткені мен болашағына байланысты дебаттар ұйымдастырады.

Мерекенің тағы бір ерекшелігі – бір уақытта елде бір минуттық үнсіздік жарияланады. Бұл ата-баба рухына тағзым етуді білдіреді. Кешке қарай мереке жалғасын тауып, коцерттік алаңдарда ән-би мерекелік кеш пен отшашу ұйымдастырылады.

Қазақстанда «Ахыска» түрік этномәдени орталығы тұңғыш рет Алматы қаласында 1991 жылы құрылды. Қазіргі уақытта Түркістан, Жамбыл, Қызылорда облыстарында филиалы бар және алты қалалық, он үш аудандық этномәдени орталықтары жұмыс істеп тұр. Жалпы Қазақстанда 110713 түрік ұлты тұрып жатыр.

2004 жылдың қазан айынан бастап ай сайын түрік, қазақ және орыс тілінде «Ахыска» газеті шығып тұрады.

Республикалық түрік этномәдени орталығы ірі жобаларды іске асырып жатыр. Соның бірі – Түркиялық «SSN – TURKiYE» телекомпаниясы мен ҚР Президенті телерадиокомпаниясымен бірлесіп Қазақстанда тұрып жатқан түріктердің өмірі, салт-дәстүрі мен әдет-ғұрыптары туралы деректі телевизиялық фильм.

Нұргүл ШАТЕКОВА

Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Қазақстан халқы Ассамблеясы порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. Авторизация бойынша ank_portal@assembly.kz мекен-жайына хабарласыңыз.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға