Жаңалықтар

Азық-түлік апта сайын қымбаттап жатыр

Азық-түлік апта сайын қымбаттап жатыр
Фото: ©El.kz/Нуркен АЛИШЕВ 19.05.2023 12:14 1147

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына баға өткен аптада 0,2%-ға, ал жылдық мәнде 10,7%-ға өсті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Мұндай тауарларының тізбесіне 19 атау кіреді. Баға өзгерісі туралы көрсеткіштер апта сайын жаңарып отырады. Бағаның өзгеруі туралы ақпарат барлық облыс орталығынан, республикалық маңызы бар қалалардан және астанадан жиналады. Ол үшін елдімекеннің әртүрлі бөліктерінде орналасқан тауарлардың кең ассортименті бар әртүрлі типтегі сауда объектілері (гипермаркеттер, супермаркеттер, дүкендер, коммуналдық базарлар, әлеуметтік дүкендер мен павильондар) таңдалады, – делінген Ұлттық статистика бюросының хабарламасында.

ҚР бойынша әлеуметтік маңызы бар кейбір тауарлардың 16 мамырдағы орташа бағасы:

Сүт 2,5% – 370 тг/л  

Тауық еті – 1223 тг/кг  

Сәбіз– 162 тг/кг  

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға