Қазпошта жұмысын уақытша тоқтатты
Клиенттер пошта қызметін алуды алдын ала жоспарлау керектігін ескертеді.
«Қазпошта» АҚ жоспарлы техникалық жұмысқа байланысты 3 күн қызмет көрсетуді тоқтатады, деп хабарлайды El.kz мекеменің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Жоспарға сай жүріп жатқан техникалық жұмыстарға байланысты Нұр-Сұлтан уақытымен 2022 жылдың 28 тамызы сағат 00:00-ден 2022 жылдың 31 тамыз күнгі сағат 08:00-ге дейін «Қазпошта» АҚ бөлімшелерінде, постаматтарда, терминалдарда, «Касса24» терминалдарында, post.kz, postbank.kz сайттарында пошта және қаржы қызметтерінің барлық түрі жұмысын тоқтатады», - делінген хабарламада.
Осы орайда клиенттер пошта қызметін алуды алдын ала жоспарлау керектігін ескертеді.
«Бөлімшелерге бару, терминалдар мен онлайн қызметтер арқылы операциялар жүргізу, хаттарды, құжаттар мен сәлемдемелерді қабылдау/жіберу секілді «Қазпошта» АҚ қызметтерін алатын болсаңыз, алдын ала жоспарлаңыз», - дейді ведомстводан.
