Азияның ең бай адамы 165 млрд теңгеге той жасайды

67 жастағы бизнесмен және Үндістанның ең бай адамы Мукеш Амбани ұлы Анант Амбанидің үйлену тойын барынша дарақылықпен өткізуді жөн көріпті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бұл айтулы іс-шараға кәсіпкер 350 миллион доллар (165 млрд теңгеден астам) жұмсамақ.
The Indian Express басылымының мәліметінше, үйлену тойы бүгін, 12 шілдеде, басталып, үш күнге созылады.
Амбанидің қалыңдығының есімі – Радхика Мерчант. Ол Encore Healthcare деп аталатын ірі фармацевтикалық компания басшысының қызы.
Сол үшін қаладағы аудандардың бірінде қозғалыс шектеледі. Дәл сол жерде іс-шара өтеді. Бұл аудан көлемі футбол алаңынан 12 есе үлкен.
Ал қонақ ретінде Үндістан премьер-министрі Нарендра Моди, министрлер мен депутаттардан бөлек, Болливуд жұлдыздары, тіпті апалы-сіңлілі Кардашьяндар келеді. Қонақтарды алып жүру үшін үш бірдей Falcon 2000 ұшағы дайын тұр.
Үш күндік тойға барлығы 100-ден астам жеке ұшақ жұмылдырылмақ.
