Жаңалықтар

Азия пара ойындары: Қазақстан қоржынына екінші алтын түсті

Азия пара ойындары: Қазақстан қоржынына екінші алтын түсті
Фото: t.me/Turizm_jane_sport_ministrligi 23.10.2023 15:15 858

Ақмарал Науатбек IV Азия пара ойындарының чемпионы атанды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қазақстан қоржынына екінші алтын медаль түсті. Пара дзюдодан J2 cанаты бойынша 48 келі салмақта өнер көрсеткен Ақмарал Науатбек Ханчжоуда өтіп жатқан Азия пара ойындарының бас жүлдесіне ие болды.

Ақтық сында ол Қытай спортшысы Ли Личиннен басым түсті.

Жеңіс оңай келмейді, бірақ бүгін Ақмарал жеңіске деген құлшынысын көрсетті. Мен Ақмаралды жарқын жеңісімен құттықтаймын және боз кілемдегі еңбегі үшін алғыс айтамын! - деді туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев.

Бұған дейін Давид Дягтеров жеңімпаз атанғанын жазғанбыз

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға