Азия пара ойындары: Қазақстан қай орында келеді
Фото: t.me/Turizm_jane_sport_ministrligi
Фото: t.me/Turizm_jane_sport_ministrligi
23.10.2023 16:33
986
Ханчжоуда өтіп жатқан Азия пара ойындарында Қазақстан медаль кестесінде жағдайын жақсартты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бір күнде екі алтын және бір қола медаль алған құрамамыз жетінші орынға жайғасты. Бұған дейін Давид Дегтярев (парапауэрлифтинг) пен Ақмарал Науатбек (парадзюдо) жеңімпаз атанғанын жазғанбыз. Осы арқылы Қазақстан 10- орыннан 7-орынға көтерілді.
Қоржынымызда екі алтыннан бөлек екі күміс және үш қола медаль бар.
Алғашқы үштікке Қытай (17-17-11), Иран (6-5-3) және Үндістан (5-6-4) енген.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Қазақстандықтар 2023 жылы балаларына қандай есімді жиі қойған
Келесі жаңалық
Ұлттық ұлан әскері жас сарбаздармен толықты