Жаңалықтар

Азия пара ойындары. Бүгін Қазақстан командасы 6 медаль жеңіп алды

Азия пара ойындары. Бүгін Қазақстан командасы 6 медаль жеңіп алды
Фото: gov.kz 24.10.2023 19:36 993

Осы күндері Қытайдың Ханчжоу қаласында IV Азия пара ойындары өтіп жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Екінші жарыс күнінің қорытындысы бойынша Қазақстан командасы 6 медаль жеңіп алды, оның ішінде 2 – алтын, 1 – күміс және 3 – қола. 
 
Осылайша, пара дзюдодан Қазақстан құрамасы жалпы командалық есепте екінші орынға жайғасты.
 
Алтын медальді Ерғали Шамей (J1 санаты) және Олжас Оразәліұлы (J2 санаты) жеңіп алды. Ал күміс медаль иегері - Асылан Нұрдәулетов (J1 санаты). Қола жүлде Динара Куджулова (J1 санаты), Бауыржан Арыстанбеков (J1 санаты) және Даяна Федосова (J2 санаты) сынды спортшылардың еншісінде.

«Біздің пара дзюдошылар бүгін керемет нәтиже көрсетті! Спортшыларды, жанкүйерлерді және, әрине, команданың жаттықтырушылар штабын осы жетістікпен құттықтаймын. Бүкіл еліміз дзюдошыларымызды мақтан тұтады», - деді ҚР Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев.

Айта кетейік, пара дзюдо бойынша жарыстар 26 қазанға дейін жалғасады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға