Азия ойындарының алғашқы жарыс күніндегі Қазақстан құрамасының нәтижесі
Дзюдо: Абиба Абужақынова 48 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде күміс, ал Мағжан Шамшадин 60 келіге дейінгі салмақта қола жеңіп алды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Қазіргі бессайыс: Елена Потапенко мен Георгий Борода-Дудочкин жекелей жарыс қорытындысы бойынша олимпиадалық лицензия иеленді.
Спорттық гимнастика: Нариман Құрбанов ат үстінде жаттығу бойынша финалына шықты.
Бокс: Ертуған Зейноллинов 63,5 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде 1/16 финалға өтті.
Шахмат: Жансая Әбдімәлік пен Бибісара Асаубаева әйелдер шахмат турнирінің алғашқы екі турында жеңіске жетті. Ерлер арасында Қазыбек Нөгербектің есебінде екі жеңіс, Ринат Жұмабаевтың еншісінде бір жеңіс бар.
Гандбол: әйелдер құрамасы топтық кезеңде Тайланд құрамасын 44:20 есебімен ұтты.
Теннис: Бейбіт Жукаев жекелей сайыстың екінші раундында Тәжікстан спортшысы Фируз Мухидиновты жеңді-6:0, 6:0. Біздің екі команда ерлер арасындағы жұптық сайыстың екінші кезеңіне өтті.
Жағажай волейболы: Н.Алдаш/К.Гурин және С.Богату/Д.Яковлев жұптары ерлер арасындағы ширек финалға өтті.