Жаңалықтар

Азия ойындарында екінші күміс жүлде бұйырды

Азия ойындарында екінші күміс жүлде бұйырды
Фото: gov.kz 26.09.2023 11:00 958

Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан ХІХ жазғы Азия ойындарында 10 метр қашықтықтан жылжымалы нысана көздеуден командалық сайыста Қазақстан құрамасы күміс медаль жеңіп алды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

 Қазақстан сапында Бақтияр Ибраев, Андрей Худяков, Асадбек Назиркуляев болды.
Нәтиже мынандай:
1.Оңтүстік Корея құрамасы
2.Қазақстан  құрамасы
3.Индонезия құрамасы.

Бұған дейін дзюдо күресінен Абиба Әбужақынова күміс медаль алған еді.

Бұл ақпараттың жарық көруіне қолдау жасаған «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ және «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры» КҚ.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға