Азия ойындарында Александр Уваров қола алды
Фото: Туризм және спорт министрлігі
Фото: Туризм және спорт министрлігі
04.10.2023 22:55
946
Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан Азия ойындарында қазақстандық ауыр атлет Александр Уваров қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қазақстандық ауыр атлет 81 келіге дейінгі салмақта сынға түсті.
Оның екі жаттығу бойынша көрсеткіші — 348 келі.
Аталған салмақта бірінші орын Солтүстік Кореядан келген Ри Чонсонға (364 келі), екінші орын өзбекстандық Мұхаммедкодир Тоштемировке (351 келі) бұйырды.
Тағы бір қазақстандық Еламан Сейтқазы төртінші (343 келі) орында.
Азия ойындарында ауыр атлетика сайыстары 30 қыркүйек пен 7 қазан күндері өткізіледі.
Еске салайық, бұған дейін екі отандық спортшымыз қола жүлдеге қол жеткізгені туралы жазған болатынбыз.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Ұлттық ұлан әскері жас сарбаздармен толықты