Биыл елімізде Спортты олимпиадалық емес түрлері бойынша дамыту дирекциясында спорттың 58 түрі тіркелді. Бұл туралы Астана қаласы әкімдігінің «Спортты олимпиадалық емес түрлері бойынша дамыту дирекциясы» КММ басшысы Дастан Алдашов айтты, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Спорт түрлері бойынша қала құрамалары мен құрамына 2378 спортшы кіреді. Оның ішінде Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шеберінде 4, Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері 112, Қазақстан Республикасының спорт шебері 194, Қазақстан Республикасының спорт шеберіне кандидат 393, Қазақстан Республикасының ұлттық құрамасында 565 спортшы бар, - деді Дастан Алдашов.
Ай сайын ақшалай қаражат алатын спорт түрлері бойынша Астана қаласының штаттық командасында 65 спортшы бар. Биылғы қаңтар-маусым айлары аралығында халықаралық дәрежедегі спорт шебері 30, Қазақстан Республикасының спорт шебері 27, Қазақстан Республикасының спорт шеберіне үміткер 71 спортшы кірді.
Қазіргі уақытта спорт түрлері бойынша қала құрамаларымен 60 аға жаттықтырушы жұмыс жүргізуде. 2023 жылы қаңтар-маусым айлары аралығында Астана қаласы құрамасының спортшылары спорт түрлері бойынша 141 республикалық және халықаралық жарыстарға қатысты, - деді басшы.
Дастан Алдашовтың айтуынша, алдағы уақытта спортшылар бірнеше ауқымды аламанда бақ сынайды. Ханчжоуда XIX жазғы Азия ойындары ұйымдастырылады. Оған қоса Астана қаласынан бастау алып Түркістан қаласында аяқталатын бәйге - «Ұлы дала жорығы» өтіп жатыр. Сондай-ақ олимпиадалық емес спорт түрі бойынша халықаралық жарыстар, республикалық, қалалық жарыстар өтеді деп жоспарланған.