Азия ойындары: Сағындық Тоғамбай қарсыласын нокаутқа жіберді

Фото: ©Нұрғали Жұмағазы
Фото: ©Нұрғали Жұмағазы
27.09.2023 15:02
1024
Қазақстандық боксшы Сағындық Тоғамбай Ханчжоуда (Қытай) өтіп жатқан Азия ойындарында алғашқы жекпе-жегін өткізді, деп жазады El.kz ақпарат агенттігі.
92 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсететін Тоғамбай алғашқы айқасында Моңғолия боксшысы Бариахан Доржбен кездесті. Тоғамбайдың басымдағы алғашқы сәттерден бастап-ақ көрінді. Ол бірінші және екінші раундтарда қарсыласын нокдаунға жіберді, содан кейін төреші айқасты тоқтатты.
Сонымен қатар бүгін кешкі сессияда Ертуған Зейнуллинов (63,5 келіге дейін) Азия ойындарындағы екінші жекпе-жегін өткізеді. Ол тәжікстандық Баходур Усмоновпен өзара кім мықтыны анықтайды. Кездесу Астана бойынша 18:30-да басталады.
Бөлісу:
