Азия ойындары: қоржынға тағы екі қола мен бір күміс медаль түсті
Фото: ©Olympic.kz/Сали САБИРОВ
Фото: ©Olympic.kz/Сали САБИРОВ
03.10.2023 10:10
747
Қытайдың Ханжчоу қаласында өтіп жатқан Азия ойындарында Мария Бровкова байдаркада және каноэде есуден жекелей жарыстың WС1 200 м бағдарламасында қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды туризм және спорт министрлігі.
Сондай-ақ қазақстандық велоспортшы Рината Сұлтанова да Азия ойындарының қола жүлдегері атанды.
©Olympic.kz
Ол тасжолдағы жарыстың жекелей сынына қатысып, мәре сызығын үшінші (+1:00.11) болып кесті. Өзбекстан өкілі Ольга Забелинская (24:35.99) мен жапониялық Эри Ёнамине (+59.60) бірінші және екінші орынды өзара бөлісті. Жарыс жолына 14 спортшы шыққан болатын.
Ағайынды Сергей және Тимофей Емельяновтар Азия ойындарының күміс медалін жеңіп алды. Байдаркада және каноэде ескек есуден жұптық жарыстың MС2 1000 м бағдарламасында өнер көрсеткен отандастарымыз 3:49 уақыт көрсеткішімен 2-ші келді.
©Olympic.kz/Сали САБИРОВ
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Сарапшы: Жазаны күшейту – елдегі зорлық-зомбылықтың алдын алады
Келесі жаңалық
Түркістанда қытайлық инвесторлармен кездесу өтті