Жаңалықтар

Азия ойындары: дзюдодан жекелей сындағы жарыстар аяқталды

Азия ойындары: дзюдодан жекелей сындағы жарыстар аяқталды
Фото: ©Сали Сабиров 26.09.2023 20:13 808

Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан ХІХ жазғы Азия ойындарында дзюдо күресінен жекелеген белдесулер бойынша бәсеке аяқталды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Жалпы командалық есепте Жапония топ жарды. Дзюдоның отаны саналатын Күншығыс елі 4 алтын, 3 күміс, 2 қола медаль еншідеді. Екінші орынға күтпеген жерден 3 алтын, 1 күміс, 4 қола медальмен Өзбекстан көтеріліп кетті.

Үздік үштікте Қытайлық Тайпей бар. Қазақстан 1 күміс, 4 қола медальмен 10-орында. Ерлер құрамасының бас бапкері Нұрлан Сүлейменов жарысты қорытындылады.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от EL.KZ (@el.kz)

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға