Жаңалықтар

Азия ойындары-2025: қазақстандық спортшылардың 13 ақпандағы жарыс кестесі

Азия ойындары-2025: қазақстандық спортшылардың 13 ақпандағы жарыс кестесі
Фото: ҚР ҰОК 13.02.2025 05:19 123

13 ақпанда Қытайдың Харбин қаласында 2025 жылғы Азия ойындарының кезекті жарыс күні өтеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ерлер құрамасы жартылай финалда сынға түссе, мәнерлеп сырғанаушылар медаль үшін күреседі. Сондай-ақ екі биатлон командасы жүлдеге таласады.

Спорт түрі: Керлинг. Ерлер, әйелдер. Топтық кезең, ерлер іріктеу кезеңі, жартылай финалдар

Кездесу: Гонконг – Қазақстан; Қазақстан – Гонконг

Басталуы: 06:00; 11:00; 16:00 (әйелдер жартылай финалы өтуі мүмкін)

Спорт түрі: Биатлон. Эстафеталық жарыстар

Қатысушы: Қазақстан құрамасы

Басталуы: 07:00; 10:00

Спорт түрі: Шайбалы хоккей. Финалдық раунд (әйелдер), жартылай финал (ерлер)

Кездесу: Қазақстан – Қытай; Қытай – Қазақстан

Басталуы: 07:00; 11:00

Спорт түрі: Мәнерлеп сырғанау. Ерлер мен әйелдер. Еркін бағдарлама

Қатысушылар: Михаил Шайдоров, Диас Жиренбаев, Софья Самоделкина, София Фарафонова

Басталуы: 10:00; 14:30

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға