Азия ойындары-2025: қазақстандық спортшылардың 12 ақпандағы жарыс кестесі

12 ақпан күні қазақстандық спортшылардың Азиададағы жарыс кестесін назарларыңызға ұсынамыз, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бұл күні біздің атлеттер шаңғы жарысы, мәнерлеп сырғанау және ски-альпинизм бойынша жүлдеге таласады.
Спорт түрі: Керлинг. Әйелдер. Топтық кезең
Кездесу: Оңтүстік Корея – Қазақстан; Қазақстан – Таиланд
Басталуы: 06:00; 16:00
Спорт түрі: Керлинг. Ерлер. Топтық кезең
Кездесу: Қырғызстан – Қазақстан
Басталуы: 11:00
Спорт түрі: шайбалы хоккей (әйелдер), финалдық кезең
Қатысушы: Қазақстан құрамасы
Басталуы: 07:00
Спорт түрі: Ски-альпинизм. Аралас эстафета. Іріктеу және финал
Қатысушы: Қазақстан құрамасы
Басталуы: 07:30
Спорт түрі: Шаңғы жарысы, ерлер мен әйелдер. Эстафеталық жарыстар
Қатысушы: Қазақстан құрамалары
Басталуы: 08:00; 10:00
Спорт түрі: Мәнерлеп сырғанау. Әйелдер, қысқа бағдарлама; мұздағы билер, еркін би
Қатысушылар: Софья Самоделкина, София Фарафонова, Бойсангур Датиев, Гаухар Наурызова
Басталуы: 10:30; 15:00
