Азия ойындары: 10 ақпандағы жарыс нәтижелері
![Азия ойындары: 10 ақпандағы жарыс нәтижелері Азия ойындары: 10 ақпандағы жарыс нәтижелері](/storage/storage/element/2025/02/10/mainphoto/141919/1200xauto_DhgqnvqiDnttiAehQ6NNYkjF64KYX4HJQJmjzrFt.jpg)
Туризм және спорт министрлігі қазақстандық спортшылардың 10 ақпандағы жарыс нәтижелерін жариялады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Фристайл-акробатика: Қазақстан құрамасы аралас командалық сында күміс медаль жеңіп алды. Команда сапында Аяна Жолдас, Асылхан Асан және Шерзод Хаширбаев өнер көрсетті.
Шаңғы жарысы: Ерлер арасында 10 шақырымға еркін стильде жарыста ұлттық құрама спортшысы Олжас Климин қола жүлдегер атанды.
Ал Владислав Ковалев мәре сызығын 6-шы, Наиль Башмаков 10-шы, Ернар Нұрысбеков 16-болып кесті.
Конькимен жүгіру: Ерлер арасындағы 500 метрге жарыста Евгений Кошкин 4-ші, Алтай Жәрдембекұлы 9-шы, Никита Важенин 15-ші және Роман Биназаров 16-орынға ие болды.
3000 метрге әйелдер бәсекесінде Надежда Морозова 4-ші, Кристина Шумекова 6-шы, Арина Ильященко 12-нәтиже көрсетті.
Ерлер арасында командалық спринтте ұлттық құрамамыз 4-орыннан көрінді. Команда сапында Алтай Жәрдембекұлы, Никита Важенин, Артур Галиев өнер көрсетті.
Керлинг: Қазақстан әйелдер құрамасы бүгінгі күніннің бірінші кездесуінде Тайбэй спортшыларын ірі есеппен жеңсе (14:0), екінші матчта Қытай құрамасынан жеңіліп қалды.
Ал керлингтен ерлер ұлттық құрамасы Филиппинмен ойнап, жеңіліп қалды. Есеп: 1-4.
Шайбалы хоккей: Еліміздің ерлер құрамасы кезекті жеңісіне қол жеткізді. Бұл жолы Олег Болякин шәкірттері Оңтүстік Корея командасынан басым түсті. Есеп: 2-1. Осылайша, ұлттық құрама топтан жеңіліссіз ширек финалға шықты.
![Telegram](https://el.kz./static/site/images/tel26.png)