Жаңалықтар

Азия кубогы: Қазақстан командасы траптан төрт медаль жеңіп алды

Азия кубогы: Қазақстан командасы траптан төрт медаль жеңіп алды
Фото: ҚР ҰОК 24.09.2024 12:20 367

Стенд атудан Алматы облысында өтіп жатқан Азия кубогында Қазақстан қоржыны төрт медальмен толықты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

ҰОК мәліметінше, траптан жасөспірім ұлдар арасындағы турнирде қазақстандық Никита Моисеев топ жарды. Бұл сында күмісті Кувейт, қоланы Өзбекстан спортшысы иеленді. 

Трап жаттығуы бойынша ерлер арасындағы  финалда алтын медаль кувейттік Насер Мекладтың еншісінде кетті. Ол әлем және Азия рекордын жаңартып, жеңіске жетті. 

Күміс және қола жүлдені тиісінше қазақстандықтар Әлішер Айсалбаев пен Марк Почивалов жеңіп алды. 

Траптан әйелдер арасындағы финалдық сында  қазақстандық Айжан Досмағамбетова қола жүлдегер атанды. Ол Қытай және Бахрейн спортшыларымен бірге үздік үштікке енді. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға