Азия чемпионатында Қазақстан құрамасының тағы бір боксшысы ширек финалға шықты
Таиландта бокстан өтіп жатқан Азия чемпионатында қазақстандық тағы бір боксшысы ширек финалға өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бейбарыс Жексен 60 келіге дейінгі салмақта өзбекстандық Дилшод Абдумуродовпен өзара шеберлік байқасты. Бірінші раундта Бейбарыс 3:2 есебімен алға шығып, екінші кезеңде төрешілер басымдықты түгелдей Б.Жексенге берді. Қорытынды есеп – 4:1, Бейбарыстың пайдасында шешілді.
Осылайша, Бейбарыс Жексен енді жартылай финал жолдамасына таласатын болады. Бұған дейін 67 келіде Дулат Бекбауов пен 57 келіде Оразбек Асылқұлов ширек финалға жеткен еді.
29 қарашада басталған Азия чемпионатына 11 желтоқсанға дейін жалғасады. Аталған сынға Қазақстан ұлттық құрамасының 13 боксшысы қатысып жатыр.