Азия чемпионатына қатысатын хоккейден әйелдер командасының құрамы жарияланды

Хоккейден Қазақстанның әйелдер командасы Бейжіңге (Қытай) барып, Азия чемпионатына дайындықты жалғастыруда, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Турнир Қытай астанасында 31 қазан мен 3 қараша аралығында өтеді.
Қазақстан хоккей федерациясының мәліметінше, бапкерлік штаб мына спортшылар тізімін назарға ұсынды:
Қақпашылар: Арина Щеколова («Томирис», Астана), Полина Говтва («Торпедо», Өскемен)
Қорғаушылар: Юлия Буторина, Александра Воронова, Дария Молдабай (барлығы - «Томирис», Астана), Катрин Мескини, Полина Яковлева («Торпедо», Өскемен) Аида Олжабаева, Анна Пяткова, Мадина Тұрсынова (барлығы- «Айсұлу», Алматы)
Шабуылшылар: Малика Алдабергенова, Пернеш Әшімова, Алина Иванченко, Татьяна Королева, Лариса Свиридова (барлығы – «Айсұлу»), София Зубкова, Ділназ Саяхатқызы, Мунира Саяхатқызы (барлығы – «Торпедо»), Екатерина Куценко, Анастасия Оразбаева, Надежда Филимонова, Александа Шегай (барлығы – «Томирис»)
